Әр жан иесінің еркек-ұрғашысы қалай пайда болды?
Әр жан иесінің еркек-ұрғашысы  қалай пайда болды?
3 жыл бұрын 1735

Эво­лю­ционер­лер са­ты­лай да­му ар­қы­лы май­мыл­дан адам пай­да бол­ды деп жар са­лып, оның қиял­дан ма­ке­ті мен су­ре­тін сал­ды. Бір таң қа­лар­лы­ғы, май­мыл­дан са­ты­лай да­му­дың ең ақыр­ғы ке­зе­ңін­де пай­да бол­ған адам ре­тін­де ор­та жас­та­ғы нә­сі­лі ба­тыс­тық­қа жа­та­тын ер адам­ның бей­не­сі таң­дал­ған. Бұл әри­не ба­тыс нә­сіл­ді адам­дар­ды өз­ге адам­дар­дан үс­тем етіп көр­се­ту­дің ай­қын кө­рі­ні­сі. Май­мыл­дан адам­ға ай­на­лу ке­зе­ңін­де­гі да­му­дың ең соң­ғы үл­гі­сі ре­тін­де ба­тыс нә­сіл­ді ер адам­ның бей­не­сін көр­сет­кен эво­лю­ционер­лер әйел адам­ның қа­лай пай­да бол­ға­ны­на кел­ген­де, де­рек көр­сет­пек тү­гі­лі ол ту­ра­лы жақ аш­пауда. Осы пай­да бол­ған ер адам­ға іш­кі-сырт­қы бар жа­ғы­нан үй­ле­сім­ді түр­де өз­ге­ше да­му жо­лы ар­қы­лы әйел ба­ла­сы қа­лай жә­не қай жер­де пай­да бол­ды? Бұ­ған бай­ла­ныс­ты қа­на­ғат­та­нар­лық ғы­лы­ми қан­дай дә­лел­дер бар?

Ға­лам­да­ғы бар­лық жан иесі­нің ер­кек­те­рі мил­лион­да­ған жыл­да са­ты­лай да­му ар­қы­лы пай­да бол­ды дей тұр­ған­мен, со­лар­дың әр­қай­сы­сы­ның ұр­ға­шы­ тектері қа­лай пай­да бол­ды де­ген сұ­рақ бә­рі­бір ма­за­ла­май қой­май­ды. Әр жан иесі бө­лек-бө­лек да­му жол­да­ры­мен пай­да бол­ды де­сек, олар­дың ер­кек-ұр­ға­шы­ла­ры қа­лай бір-бі­рі­мен үйле­се­тін­дей та­ма­ша күй­де пай­да бол­ған? Өз ұр­пақ­та­рын жал­ғас­ты­ра­тын­дай мүм­кін­ші­лік­ке қа­лай ие бол­ды? Бұл сұрақтарға «кездейсоқ» деп жалтарудан өзге тұщымды жауап табу да мүмкін емес.

0 пікір