Тағдырға иманның пайдалары
Тағдырға иманның пайдалары
2 жыл бұрын 467
Қайрат Жолдыбайұлы

1. Тағ­дыр­ға иман адам­ды жауап­сыз­дық пен паңда­ну­дан сақ­тай­ды.

Адам­ та­би­ға­тын­да өз қа­те­лігін мой­ын­да­май, екін­ші бі­реуге сілтеу немесе тағ­дыр­ға жа­ла жауып, жауап­кер­ші­лік­тен қа­шу бар. Әр­дай­ым жа­са­ған кү­нә­ла­ры­на әр түр­лі сылтау құ­рас­ты­рып, бас сау­ға­лап қа­шып ке­тер жол із­дей­ді. Мі­не, осы өз ерік-қа­лауы­мен жа­са­ған кү­нә­ла­рын тағ­дыр­ға жауып, жауап­кер­ші­лік­тен қаш­қы­сы ке­ле­тін адам­ның ал­ды­на Алла Та­ға­ла та­ра­пы­нан бе­ріл­ген «дербес ерік-қа­лауы» шы­ғып, «Қай­да ба­ра­сың? Сен істеген әр­бір ісің­ді өз ерік-қа­лауың­мен ат­қар­дың. Сон­дық­тан кү­нә­ла­ры­ңа тағ­дыр­ды сылтау ете ал­май­сың»,-деп то­зақ­тың қы­зыл отын кө­зі­не елес­те­тіп, жауап­кер­ші­лі­гін есі­не са­ла­ды.

Сондай-ақ, адам­ та­би­ға­тын­да қо­лы жет­кен жетіс­тік­тер­мен мақ­та­нып, паң­да­нуы та­ғы бар. Кү­нә­ла­ры­нан ақ­та­лып, тағ­дыр­ды сылтау ет­кен әл­гі адам іс­те­ген кей­бір жақ­сы­лық­та­ры мен қо­лы жет­кен бәз­бір же­тіс­тік­те­рін көл­де­нең­де­тіп: «Мен іс­те­дім, мен бүйт­тім, мен сөйт­тім» деп, дем ара­сын­да өз­ге­ріп, кү­бі­дей ісі­ніп шы­ға ке­ле­ді. Мен­мен­ді­гі ба­ра-ба­ра ұл­ғай­ып, тә­кап­пар­лық­қа ай­на­лып, ақы­ры әр­бір ісін жа­рат­қан Ұлы Жа­ра­ту­шы­сын ұмыт қал­ды­рып, кер­дең ба­сып, ай­на­ла­сын­да­ғы адам­дар­ға мыс­қыл­дай қа­рап, же­ңі­нің ұшы­мен сә­лем бе­ре­ді.

Осын­дай нәп­сі­сі­не адам­дық тіз­гі­нін ұс­та­тып, тә­кап­пар­лық­қа, мен­мен­дік­ке құл бо­лып, мұр­нын шүйір­гі­сі ке­ле­тін пен­де­нің ал­ды­на «тағ­дыр» шы­ғып: «Се­нің мақ­та­ну­ға, паң­да­ну­ға еш­бір ақың жоқ. Бар­лық жақ­сы­лық­қа апа­рар жол­ды көр­се­тіп, ниеті­ңе жет­кі­зіп сә­тін сал­ған, із­гі­лік­ті жа­ра­тып, же­тіс­тік­ті нә­сіп ет­кен Алла емес пе?», - деп құл­дың ша­ма­сын кө­зі­не көр­се­тіп, «тә­кап­пар­лық­тан ау­лақ бол!» дей­ді.

Иә, адам­ның қо­лы жет­кен же­тіс­тік­те­рі мен жа­са­ған игі­лік­те­рі­не ие­лік ету­ге еш ақы­сы жоқ. Се­бе­бі, әр­бір жақ­сы іс­тің жа­са­лу­ын Алла Та­ға­ла қа­ла­ма­са қа­лай жүзе­ге асар еді? Құл­дың ниет етіп, іс­те­гі­сі кел­ген із­гі ісіне «жоқ» деп Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы тосқауыл қой­са, құлдың қо­лы­нан не ке­лер? Адам­ға іс­тің жақ­сы­сын ажыра­та білетін ақыл сый­ла­ған, қа­бі­лет бер­ген, оның жасауға ниет еткен әр­бір ісін жү­зе­ге асыр­ған Ұлы Иесі емес пе?! Иә, жақ­сы­лық­ты қа­ла­ған біз, ал оны жаратқан Алла Таға­ла.

Жақ­сы­лық атаулыны жүзеге асырудағы адамның алар ен­ші­сі лиф­тің ішін­де­гі түй­ме­ні ба­су­ын­дай-ақ. Мы­са­лы, лифт­пен жо­ға­ры қа­бат­қа шы­ғу­ды қа­лап, сау­са­ғы­ңыз­дың ұшы­мен түй­ме­ні ба­са­сыз, сөй­тіп, лифт сіз­ді қа­ла­ған қа­ба­ты­ңыз­ға шы­ға­ра­ды. Шық­қан­нан кейін «лиф­ті­ні жо­ға­ры­ға мен шы­ғар­дым» деп, мақ­та­на ал­май­сыз. Өйтке­ні сіз лиф­ті­ні емес, лифт сіз­ді шы­ғар­ды.

Та­ра­зы­ның екі ба­сын тең ұс­тап, ас­там­шы­лық пен нұқ­сан­дық­тан бой­ын ау­лақ ұс­та­ған та­қуа жан бар­лық іс­те­ген кү­нә­ла­ры үшін «нәп­сім­ді тың­дап, шай­тан­ның ар­бауына ал­да­нып, жа­ман­шы­лық­ты таң­да­ған, қа­ла­ған мен­мін, олай бол­са өзім кі­нә­лі­мін» деп Ұлы Иесі­нен іс­те­ген кү­нә­ла­ры­ның ке­ші­рі­луін ті­ле­се, қо­лы жет­кен же­тіс­тік­те­рі үшін «Алла Тағалам мұ­ны нә­сіп ет­кен Сен­сің, сәт­ті­лі­гін сал­ған та­ғы Өзің­сің!» деп, жақ­сы­лық­тың шы­найы иесі Алла Тағалаға рах­ме­тін біл­ді­ріп, өзінің борыштарлығын се­зі­не­ді. Мұн­дай та­қуа жан­ның  жа­дын­да әр­дай­ым: «Са­ған кел­ген бар­лық жақ­сы­лық Алладан, ал ба­сы­ңа кел­ген бар­лық жа­ман­дық нәпсің­нен»[1], - де­ген қа­сиет­ті аят жаң­ғы­рып тұ­ра­ды.

2.Ба­сы­на қиын­шы­лық түс­кен жан тағ­дыр­дан жұ­ба­ныш та­ба­ды. Тағ­дыр­ға иман етіп, әр­бір іс­тің Алланың рұқ­са­тын­сыз іс­ке ас­пай­ты­ны­на жү­рек­пен сен­ген кез кел­ген адам ба­сы­на кел­ген қиын­шы­лық­тар мен пә­ле­кет­тер­дің әсе­рі­нен өз-өзін жеп, іш­тей ты­нып, үміт­сіз­дік­ке бас имей­ді. Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­ның құ­лын жақ­сы­лық­пен де, қиын­шы­лық­пен де сы­най­ты­нын біл­ген­дік­тен: «Алла Тағалам, ма­ған са­быр бер! Сауабы­ңа ке­не­лейін» деп, ке­ле­шек­ке де­ген үмі­тін қа­нат етіп, қай­рат-жі­ге­рін қам­шы­лай­ды. Ба­сы­на кел­ген ай­ық­пас ауру­ға: «­сау бол­ған­да бәл­кім Аллаға де­ген мұқ­таж­ды­ғым­ды ұмы­тып, әр түр­лі кү­нә­ға ба­тар ма едім? Бәл­кім, Алла ма­ған сауап жинаудың, Өзі­не жа­қындау­дың жо­лын осы­лай бер­ген шы­ғар. Ендеше, ауру­ла­рым кү­нә­ла­ры­ма кәф­фа­рат бо­лар» деп, сы­нық кө­ңі­лі­не ме­дет та­ба­ды. Мал-мүл­кін жо­ғал­тып ал­са, ­яки бас­қа бі­реудің қо­лын­да кет­се: «Алла Та­ға­ла ме­нің тағ­ды­ры­ма жаз­ба­ған ғой, бұй­ыр­ма­ған екен, бар­лық мал-мү­лік­тің шы­найы иесі – Ұлы Жа­ра­ту­шым Сен өзің­сің, қа­ла­ға­ны­ңа бе­ре­сің, қа­ла­ға­ның­нан ала­сың» деп, Ұлы Иесі­нің ал­дын­да ба­сын ба­рын­ша иіп, әр нәр­се­нің Оның қа­лауы­мен ға­на бо­ла­ты­нын жа­дын­да та­ғы бір рет жаң­ғыр­тып, тү­ге­сіл­мес сауабы мен жән­нат­та­ғы мәң­гі­лік сый-сияпа­ты­нан үміт етеді. Се­бе­бі, са­быр сақ­тап, шү­кір ет­кен құл­дың мы­на дү­ниеде жо­ғал­ған пә­ни мал-мүл­кі ақы­рет­те мәң­гі­лік мал-мү­лі­кі­не ай­на­лып, жән­нат тө­рі­нен мен­мұн­да­лап тұ­ра­ды.

Жо­ба­сын жа­сап, же­ті рет өл­шеп, бір рет кес­кен ой­ын­да­ғы ісі, ар­ман­да­ған мақ­са­ты орын­дал­май қал­са, «қай­ыр­лы­сы бол­сын» деп, сабыр та­ны­та­ды. Ал тағ­дыр­ға иман­нан нә­сі­бін ала ал­ма­ған бай­ғұс жан­дар ба­сы­на түс­кен жо­ға­ры­да ай­тыл­ған қиын­шы­лық­тар мен пә­ле­кет­тер­ге: «Не­ге бұ­лай бол­ды, қап, әт­те­ген-ай», – деп са­нын са­ба­лап, ай­на­ла­сы­нан кінәлі пен­де­лер­ді із­деп, ба­сын та­стан-тас­қа ұрып, өмірден тү­ңі­ліп, үміт­сіз­дік­тің қа­раң­ғы әле­мін­де тұншығып жатады.

3. Тағ­дыр­ға иман ер­жү­рек­тік пен ба­тыл­дық­қа бас­тай­ды.

Ба­сы­на не кел­се де Алланың рұқ­са­ты­мен, қа­лауы­мен ке­ле­ті­ні­не бек сен­ген жан­ның бой­ына ерек­ше ба­тыл­дық бі­те­ді. Ар-на­мы­сын таптау­ға тө­ніп кел­ген дұш­пан­нан ота­нын, ді­нін, хал­қын қор­ғау үшін ерен ер­лік­пен шай­қа­са­ды. Ажа­лы­ның ал­дын ала Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы та­ра­пы­нан бел­гі­лен­ге­нін біл­ген­дік­тен «тағ­ды­рым­да­ғы өлі­мім қай жер­де, қай уа­қыт­қа бел­гі­лен­се, мін­дет­ті түр­де сол жер­де, сол ме­зет­те өлім­ді та­та­мын, жаз­мыш ажа­лым мұн­дай қа­сиет­ті со­ғыс­та емес, үй­де жы­лы тө­сек­те жат­сам да ке­ліп же­тер» деп «ал­ға­лап» ұран тас­тап, жау жүре­гін аузы­нан шы­ға­ра­ды.

Бел­гі­лі бір пай­да­лы іс­ке кі­рі­сер бол­са, ал­ды­мен, бар­лық қо­лы­нан ке­лер қа­жет­ті іс-ша­ра­лар­ды ат­қа­рып, керек­ті се­бептерді орын­да­ған­нан кейін, «тағдыры­ма жа­зыл­ға­нын, бұй­ыр­ға­нын, Алланың қалаға­нын кө­рер­міз, жаз­мыш­тан оз­мыш жоқ» деп, тәуекел­ге бел бай­лай­ды. Ше­гін­шек­теп, қор­қу тағ­ды­рға сен­ген жан­ның пәк дү­ниесі­не аяқ бас­пайды.

4. Тағ­дыр­ға иман қа­на­ғат­қа тәр­бие­леп, кө­ре алмаушы­лық пен қыз­ға­ныш­тан сақ­тай­ды.

Бар­лық адам­ның бұл дү­ниеде дәм та­тар ры­зық-не­сі­бе­сі ал­дын ала Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы та­ра­пы­нан бел­гі­лен­ге­ні­не иман ет­кен жан өзі­не жүк­тел­ген мін­дет­те­рін, қолы­нан ке­лер бар­лық се­беп­тер­ді ат­қар­ған­нан кейін Жарат­қан­ның бер­ген үле­сі­не ри­за­лық біл­ді­ріп, қа­на­ғат­ты пір тұ­тып, бас­қа­лар­дың мал-мүл­кі­не сұқ көз­бен қарап, пәк жү­ре­гі­не қыз­ға­ныш се­зі­мін қо­нақ ет­пей­ді.

5. Тағ­дыр­ға иман адам­ды жүйелі жұ­мыс іс­теуге, әр­бір ісін тап-тұй­нақ­тай ат­қа­ру­ға тәр­бие­лей­ді.

Жа­ра­ты­лыс­та­ғы әр нәр­се­нің ар­найы есеп­пен, бел­гі­лі жүйе­мен жұ­мыс іс­теп тұр­ға­нын кө­ріп, одан са­бақ ала біл­ген жан әр­бір ісін тап-тұй­нақ­тай ат­қа­ру­ға, жо­ба-жос­пар­сыз еш­бір іс­ті бас­та­мауға ты­ры­са­ды. Жүйелі­лік оның та­би­ға­ты­на сі­ңіп, тұ­рақ­ты мі­не­зі­не ай­на­ла­ды.

[1] Ни­са сү­ре­сі/79.

0 пікір