Тағ­дыр­ға иман
Тағ­дыр­ға иман
9 жыл бұрын 3995
Қайрат Жолдыбайұлы

Ис­лам ді­нін­де­гі иман не­гіз­де­рі­нің соң­ғы­сы – тағ­дыр­ға иман. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дан (с.а.у.) «Иман де­ге­ні­міз не?» – деп сұ­ра­ған уа­қыт­та: «Аллаға, пе­ріш­те­ле­рі­не, кі­тап­та­ры­на жә­не пай­ғам­бар­ла­ры­на, ақы­рет кү­ні­не, тағ­дыр­дың жақ­сы­сы мен жа­ма­ны­на иман ету»,[1]– деп жауап бер­ген.

Тағ­дыр сө­зі – бір нәр­се­ні бел­гі­лі бір өл­шем, мөл­шер­ге қа­рай реттеу, арнайы есеп­пен жүйе­леу, жобалау де­ген ма­ғы­на­лар­ды біл­ді­ре­ді.

Ал, ша­ри­ғат­тық тер­мин бой­ын­ша: Өт­кен шақ, осы шақ жә­не ке­лер шақ­тан, яғ­ни, жал­пы уа­қыт ұғы­мы­нан пәк – Ұлы Алланың әу ба­стан қия­мет­ке дейін жә­не қия­мет­тен кейін бо­ла­тын бар­лық нәр­се­ні, бар­лық оқи­ға­ны жа­рат­па­стан бұ­рын шек­сіз, әзә­ли ілі­мі ар­қы­лы ег­жей-тег­жейіне дейін білуін және оларды  бел­гі­лі бір өл­шем, мөл­шер­ге қа­рай реттеуін, бел­гі­лі бір есеп­пен жүйе­леуін, ар­найы бір жоба­мен та­ғай­ын­дап бел­гі­леуін «тағ­дыр» дей­міз.

Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның тағ­ды­ры тек адам­ға ға­на бай­ла­ныс­ты емес, жал­пы бол­мыс­ты, күл­лі жа­ра­ты­лыс­ты қамти­ды.

[1] Мус­лим, Ки­та­бул-Иман.

0 пікір