Тағ­дыр­ға бай­ла­ныс­ты тар­ты­су­ға не­лік­тен тый­ым са­лын­ған?
Тағ­дыр­ға бай­ла­ныс­ты тар­ты­су­ға не­лік­тен тый­ым са­лын­ған?
2 жыл бұрын 497
Қайрат Жолдыбайұлы

Бір­де Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) тағ­дыр­ға бай­ла­ныс­ты сөз та­лас­ты­рып отыр­ған са­ха­ба­ла­рын кө­ріп: «Сен­дер­ге осы­лар­ды іс­теу әмір етіл­ді ме? Жоқ, әл­де Мен сен­дер­ге осы үшін жі­бе­ріл­дім бе? Сен­дер­ден бұ­рын­ғы­лар (адам­дар) осы та­қы­рып­та тар­тыс­қан­дық­тан құ­рып кет­кен», - деп тағ­дыр ту­ра­сын­да тар­ты­су­дың дұ­рыс емес еке­нін біл­дір­ген.

Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың тағ­дыр­ға бай­ла­ныс­ты қа­жет­сіз сөз та­лас­ты­ру­ды тыюы­ның хик­ме­тін бы­лай деп тү­сі­ну­ге бо­ла­ды.

1. Адам­ның өз қа­лауы­мен бо­ла­тын жә­не қа­лауы­ның ты­сын­да бо­ла­тын тағ­ды­ры бар. Қа­лауы­нан тыс бо­ла­тын тағ­дыр­дың се­беп­те­рі мен хик­мет­те­рі біз­ге бей­мә­лім. «Ақыл жа­ра­тыл­ған, жа­ра­ту­шы­ны то­лық тү­сі­не ал­май­ды» де­мек­ші, ақы­лы­мыз қа­лауы­мыз­дан тыс бо­ла­тын тағ­дыр­дың се­беп­те­рі мен хик­мет­те­рін жә­не сы­рын то­лық ше­ше ал­май­ды. Адам­ның туыл­ған жы­лы, әке-ше­ше­сі­нің кім бо­луы, ұл­ты, жы­ны­сы жә­не қа­лауы­нан тыс бо­ла­тын ауру­лар мен пә­ле­кет­тер­дің хик­мет­те­рі мен сыр­ла­рын, себеп­те­рін тү­сі­ну үшін өзі­міз­ді қи­нау, бір-бі­рі­міз­бен сөз та­лас­ты­ру – тү­бі жоқ тұң­ғиық­қа ба­ту­мен бір­дей. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың тый­ған тар­тыс мә­се­ле­сі тағ­дыр­дың осы екін­ші тү­рі­не бай­ла­ныс­ты бо­луы мүм­кін.

Адам ба­ла­сы жал­пы тағ­дыр­ды то­лық әрі дәл тү­сі­не ал­май­ды. Өйтке­ні тағ­дыр та­қы­ры­бы өте қиын әрі күр­де­лі мә­се­ле. Сон­дық­тан әр­бір мұ­сыл­ман тағ­дыр­ға бай­ла­ныс­ты мә­се­ле­лер­ді дін ма­ман­да­ры­нан сұ­рап, осы та­қы­рып­қа бай­ла­ныс­ты жа­зыл­ған кі­тап­тар­ды оқып тү­сі­не алға­нын­ша тү­сі­ніп, ал тү­сін­бей ақыл жет­кі­зе ал­ма­ған мәсе­ле­ле­рін Алланың шек­сіз ілі­мі мен әділ­ді­гі­не тап­сы­рып, адам­дар­мен бос дау-да­май­ға кір­ме­ге­ні жөн. Алла ең дұ­ры­сын бі­ле­ді.

0 пікір