Тағ­дыр­ды сылтау ету дұ­рыс па?
Тағ­дыр­ды сылтау ету дұ­рыс па?
2 жыл бұрын 672
Қайрат Жолдыбайұлы

Кей­бір адам­дар өз ерік, дер­бес таңдау­ла­ры­мен іс­те­ген кү­нә­ла­ры­нан «тағ­ды­рым­да осы­лай жа­зы­лып қой­са, қай­тем?! Не­ме­се тағ­ды­рым­да ғи­ба­дат жа­сау бол­ған­да ғи­ба­дат етер едім» деп, тағ­дыр­ды сылтау етіп ақ­та­лып жа­та­ды. Тағ­ды­ры­мен осы­лай ақ­та­лып, әр­бір жа­ман ісі­не жаз­мыш­ты сылтау ет­кен әл­гі адам­дар өз­де­рі­нің өмір­де қо­лы жет­кен кей­бір же­тіс­тік­те­рі­мен «Мен іс­те­дім, мен жа­са­дым» деп кө­кі­ре­гін қа­ғып мақ­та­нып жа­та­ды. Ал, ен­ді әр­бір ісін тағ­дыр­да жа­зыл­ға­ны үшін жү­зе­ге асы­рып жат­са, бұл мақ­та­ну­ла­рын, паң­да­ну­ла­рын қа­лай тү­сі­ну­ге бо­ла­ды? Тіп­ті, бас­қа бір адам үйіне кі­ріп мал-мүл­кін ұр­лап кет­се, сот ал­дын­да «Бұл бай­ғұс тағ­ды­рын­да ұр­лау бол­ған соң мәж­бүр­лік­пен ұр­ла­ған ғой», – деп ұры­ны ақтау – әл­гі әр­бір жа­ман ісін тағ­дыр­ға сілтеу­ші­нің үш ұйық­та­са тү­сі­не де кір­мейді. Тағ­дыр­ды се­беп­ші етіп көрсет­кен еш­бір адам кіш­кен­тай ба­ла­сын қыл­қын­ды­рып өлті­рейін деп жат­қан адам­ды кө­ріп: «Бұл кі­сі­нің тағ­ды­рын­да ме­нің ба­лам­ды өл­ті­ру жа­зыл­ған екен, қа­ла­са да, қа­ла­ма­са да ба­лам­ды өл­ті­ре­ді» деп ба­ла­сын ай­на­лып өте шық­пай­ды. Де­мек, мұ­ның бә­рі ғи­ба­дат­тан қа­шу үшін көр­се­тіл­ген ар­зан сылтау мен кү­нә­лар­дан оп-оңай ақ­та­лу үшін шай­тан «ұс­таз­дың» үй­рет­кен қи­сық жо­лы ға­на. Әйтпе­се, тағ­дыр­дың жаз­мы­шы­на мәж­бүр бол­ған­дық­тан емес. Өйтке­ні адам әр­бір ісін өз қа­лауы­мен іс­тей­ді. Жә­не ер­тең тағ­ды­рын­да не бар еке­ні­нің ол үшін кө­мес­кі, бей­мә­лім еке­нін ес­кер­сек, «Тағ­ды­рым­да бол­са қай­тем?» деу – іші қуыс сал­мақ­сыз әшейін сыл­дыр сөз ға­на. Егер адам­дар­дың бә­рі әр­бір іс­те­рін ежел­ден Алла Та­ға­ла тара­пы­нан жа­зыл­ған тағ­дыр­ла­ры­на мәж­бүр бол­ғандықтан ат­қа­ра­тын бол­са, Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дың пенде­ле­рі­не пай­ғам­бар жі­бе­ріп, кі­тап тү­сі­руінің, адамдар­ды то­зақ­пен ес­кер­тіп, жән­нат­пен сүйін­ші­леуі­нің ешқандай мағынасы қалмас еді.

0 пікір