Тағ­дыр­дан тағ­дыр­ға қа­шып ба­ра­мын...
Тағ­дыр­дан тағ­дыр­ға қа­шып ба­ра­мын...
9 жыл бұрын 2886
Қайрат Жолдыбайұлы

Бір кез­де­рі Омар (р.а.) Мә­ди­на қа­ла­сын­да­ғы бір­не­ше са­ха­ба­ны жа­ны­на ер­тіп Шам­ды ба­қы­лап, тек­се­ру үшін жол­ға шы­ға­ды. Шам­ның сол кез­де­гі бас­ты­ғы Әбу Убәй­да иб­ну Жәр­рах Омар (р.а.) мен жа­нын­да­ғы жол­дас­та­рын қа­ла­ның сыр­ты­нан кү­тіп ала­ды. Әбу Убәй­да Омар­ға (р.а.) Шам­да оба ауруы­ның етек ал­ға­ны­н жеткізеді. Ха­бар­ды ес­тір-ес­ті­мес­ хазреті Омар жа­нын­да­ғы са­ха­ба­лар­мен ақыл­да­са­ды. Са­ха­ба­лар­дың кей­бі­реуі: «Осы жер­ге дейін кел­дік қой, Аллаға тәуе­кел етіп қа­ла­ға кі­ріп, жұ­мы­сы­мыз­ды бі­ті­ріп ке­тейік», - де­се, ен­ді бі­реуле­рі: «Ке­рі қай­тай­ық», - де­ген ой­ла­рын ор­та­ға са­ла­ды. Хазіреті Омар да осы ке­рі қай­тай­ық деу­ші­лер­ге қо­сы­ла­ды. Сон­да Әбу Убәй­да:

– Уа, Омар Алланың тағ­ды­ры­нан қаш­қа­ның ба?-дей­ді.

Омар (р.а.):

– «Бұл сөз­ді се­нен бас­қа бі­реу айтқанда ғой! Иә, Әбу Убай­да, Мен Алланың тағ­ды­ры­нан оның бас­қа бір тағ­ды­ры­на қа­шып ба­ра жа­тыр­мын», - деп жауап қа­та­ды. Со­сын түсінікті етіп ой­ын аш­пақ ниет­пен:

– Уа, Әбу Убәй­да, се­нің түйеле­рің бар делік. Мы­на жер­дің бір жа­ғы жа­сыл-же­лек, бал­ғын шөп, ал екін­ші жа­ғы құр­ғақ, су­сыз тап-та­қыр жер де­лік. Сен егер түйеле­рің­ді жа­сыл же­лек, бал­ғын шөп­ке жай­саң Алланың тағ­ды­ры­мен жай­ған бо­ла­сың. Ал егер, ке­рі­сін­ше, құр­ғақ жер­ге жаяр бол­саң Алланың тағ­ды­ры­мен жай­ған бол­май­сың ба?

Бұл әң­гі­ме­ге кейін­нен қо­сыл­ған Аб­дур­рах­ман иб­ну Ауф бы­лай дей­ді:

– Уа, Омар, ме­нің бұл ту­ра­сын­да мағ­лұ­ма­тым бар. Бұл мә­се­ле­ге бай­ла­ныс­ты Пай­ғам­ба­ры­мыз­дан (с.а.у.) мы­нан­дай ха­дис ес­ті­дім. Пай­ғам­ба­ры­мыз бы­лай де­ді:

«Бір жер­де оба ауруы­ның бар еке­ні­нен ха­бар­дар бол­саң­дар, ол жер­ге бар­маң­дар, ал егер сол жер­де болсаң­дар сырт­қа шық­паң­дар».

Омар (р.а.) бұл ха­дис­ті ес­ті­ген­нен кейін қат­ты қуана­ды. Пі­кі­рі­нің дұ­рыс шық­қа­ны үшін Алла Та­ға­ла­ға шү­кір ете­ді.

0 пікір