Адам­ға бай­ла­ныс­ты тағ­дыр
Адам­ға бай­ла­ныс­ты тағ­дыр
9 жыл бұрын 10927
Қайрат Жолдыбайұлы

Адам­ға бай­ла­ныс­ты тағ­дыр мә­се­ле­сі, за­дын­да, күр­де­лі бол­ған­дық­тан кейбір адам­дар қа­те тү­сі­не­ді. Бәз­бі­реулер іс­те­ген кү­нә­ла­ры­нан «Тағ­ды­рым­да осы­лай бол­са, не іс­тей­мін?» деп ақ­та­лып жат­са, ен­ді бі­реулер әр іс­те­ген ісім­ді өз қа­лауым­мен іс­тей­мін, «олай бол­са, тағ­дыр жоқ» деп шек­тен шы­ғып жа­та­ды. Бұл екі пі­кір­дің бі­реуі ас­там­дық бол­са, екін­ші­сі нұқ­сан­дық. Ор­та жол­ды, дұ­рыс тағ­дыр ұғы­мын тү­сі­не ал­ма­ған.

Адам ба­ла­сы бас­қа жа­ра­ты­лыс­тар­дан өзін­дік ақыл-ойымен, ай­рық­ша ерік-қа­лауы­мен ек­ше­лен­ген­дік­тен Оның тағ­ды­ры да өз­ге­ше.

Адам­ға бай­ла­ныс­ты тағ­дыр­дың екі жа­ғы бар.

1. Адам­ның ер­кі­нен тыс жа­ғы

Адам­ның ер­кі­нен тыс Алла Та­ға­ла­ның қа­лауы, арнайы бел­гі­леуі ар­қы­лы бо­ла­тын құ­бы­лыс­тар осы­ған жа­та­ды. Мы­сал ре­тін­де, адам­ның ұл­ты, туыл­ған жы­лы, жы­ны­сы, де­ні­нің сау, ­яки ауру бо­лып дү­ниеге ке­луі, бойы­ның ұзын не­ме­се қыс­қа бо­луы, зе­рек жә­не әр түр­лі қа­бі­лет­тер­ге ие бо­луы, ба­сы­на жер сіл­кі­ні­сі, өрт се­кіл­ді пә­ле­кет­тер­дің ке­луі, же­тім қа­луы тә­різ­ді қа­лауы­нан тыс бо­ла­тын нәр­се­лер­ді ай­ту­ға бо­ла­ды. Адам ба­ла­сы қа­лауы­нан тыс бұл іс­тер­ден ақы­рет­те сұ­рақ­қа тар­тыл­май­ды. Бірақ тағ­дыр­дың жа­нын­да адам­ның ерік-қа­лауы­ның бар еке­нін де ұмыт­па­ға­ны­мыз жөн. Мы­са­лы, бір адам­ның тағ­ды­рын­да же­тім қа­луы жа­зыл­ған­мен, сол же­тім­дік­ке са­быр етіп, қиын­дық­тар­ға мойы­май адам­ды­ғын, арын та­за ұс­тап, сын­ды жі­бер­ген Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­на бас иіп, имеуі – өз ер­кін­де. Ол же­тім қал­ған­ды­ғы үшін сұ­рақ­қа тар­тыл­ма­ға­ны­мен, өзі­нің қа­лауы мен ер­кі ар­қы­лы іс­ке аса­тын бас­қа іс­тер­ден сұ­рал­мақ.

Алла бел­гі­лі бір адам­ға сә­тін са­лып, бар­лық шарт­тар­ды ың­ғай­лап, кү­ні-тү­ні жү­гі­ріп іс­те­ген іс­те­рі­не бе­ре­кет бе­ріп, бай ет­ті де­лік. Яғ­ни, Алла Та­ға­ла оның бай бо­лу­ын қа­лап, тағ­ды­ры­на бай­лық­ты жаз­ды. Де­мек, Ұлы Иесі бұл құ­лы­на мы­на дү­ниеде «бай­дың рө­лін» бе­ріп, бай­лық­пен сы­на­ғы­сы кел­ді. Бі­рақ бұл бай­лық­ты жақ­сы жол­да қол­да­нып, же­тім­дер­дің ба­сын си­пап, ке­дей-кеп­шік­ке қол ұшын бе­ріп, Ұлы Иесі­не шү­кір­ші­лік етуі не­ме­се ке­рі­сін­ше бай­лық­тың буына ма­станып, Жа­рат­қан­ды ұмыт қал­ды­рып, тә­кап­пар­лық­қа бой ал­ды­руы – бә­рі-бә­рі құл­дың өз қо­лын­да, өз ер­кін­де. Құл екі жол­дың бі­реуін өз қа­лауы­мен таң­дап, жән­нат­қа ­яки то­зақ­қа қа­рай жол са­ла­ды.

Иә, пе­ше­не­ге жа­зыл­ған тағ­дыр­дың жа­нын­да адам­ға бе­ріл­ген өзін­дік ерік-қа­лау бар. Тағ­дыр­дың өзі­не жүк­те­ген рө­лін дұ­рыс жол­да, са­ли­қа­лы ма­ғы­на­да ой­нап-ойнамауы әр­кім­нің өз ен­ші­сін­де.

2. Адам­ның қа­лауына бай­ла­ныс­ты жа­ғы

Алла Та­ға­ла әу бас­та әр адам­ның қай жер­де, қай уа­қыт­та не іс­тей­ті­нін бастауы жоқ әзә­ли әрі шек­сіз ілі­мі ар­қы­лы біл­ген. Өйтке­ні Алла үшін өт­кен шақ, осы шақ, ке­лер шақ де­ген ұғым жоқ. Мі­не, Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз сол біл­ге­нін адам үшін тағ­дыр етіп «Ләу­хул-Мах­фуз­ға» жаз­ған. Басқаша айтқанда, адам­ның қа­лауы – Алла Та­ға­ла­ның жаз­ған тағ­ды­рын­да есеп­ке алын­ған.

Адам баласы кү­нә не­ме­се із­гі іс іс­теуге мәж­бүр­ емес. Өйтке­ні адамда таңдау ер­кі бар. Мы­са­лы, жол­да ке­тіп ба­ра жа­тып, тү­сіп қал­ған ақ­ша­ны көр­дік де­лік. Осы сәт­те адам­ның таңдауына бір­не­ше нұс­қа ке­ле­ді. Біз со­ның біреуін өз қа­лауы­мыз­бен таң­дай­мыз.

1.Ақ­ша­ны ақы­рын ға­на қал­та­мыз­ға сүң­гі­тіп жі­бе­ріп, ол жер­ден де­реу қа­ра­мыз­ды ба­ты­ра­мыз.

2.Ақ­ша­ны алып, ие­сін тауып қай­та­ра­мыз.

Жо­ға­ры­да­ғы таңдау­лар­дың қай­сы­сын таң­да­сақ та өз ер­кі­міз­бен, дер­бес қа­лауы­мыз­бен іс­ке асы­ра­мыз. Бі­рін­ші таңдау­ды іс­теп кү­нә­ға ба­туымыз да, екін­ші­сін таң­дап сау­ап­қа ке­не­луіміз де мүм­кін.

Алла Та­ға­ла Құ­ран­да:

﴿وَهَدَيْنَاهُالنَّجْدَيْنِ

«Оған (адам­ға) жақ­сы­лық жә­не жа­ман­дық жол­да­рын көр­сет­пе­дік пе?»

﴿مَنْ عَمِلَ صَالِحاًفَلِنَفْسِهِ وَمَنْ أَسَاء فَعَلَيْهَا وَمَا رَبُّكَ بِظَلَّامٍ لِّلْعَبِيدِ

«Кім жақ­сы­лық іс­те­се пай­да­сы өзі­не, ал, кім жа­ман­шы­лық іс­те­се оның зияны да өзі­не. Раб­бың құл­да­ры­на еш­қа­шан зұ­лым­дық жа­са­май­ды»,[1]-деп жақ­сы, жа­ман­ды таңдау­да­ғы адам­ға бе­ріл­ген ерік­ті біл­ді­ре­ді. Ақын Май­лы­қо­жа да осы ақи­қат­ты мы­на жыр жол­да­ры­мен жет­кіз­ген:

«Алла бер­ді екі жол

Бі­рі оң­да, бі­рі сол.

Ойла­ның­дар, бауыр­лар!

Дү­ние қыс­қа, ақы­рет мол».

Алла Та­ға­ла­ның бұй­рық­та­рын орын­да­ған адам Жа­ра­ту­шы­ның са­ли­қа­лы құл­да­ры­ның тұ­ғы­ры­на кө­те­рі­ле­ді. Ал бұй­рық­та­ры­на қар­сы шық­қан пен­де кү­нә­һар бо­ла­ды. Алла Та­ға­ла әу бас­та кү­нә­һар жә­не са­ли­қа­лы құл бо­лу­дың жол­да­рын осы­лай та­ғай­ын­дап бел­гі­ле­ген. Сон­дық­тан кім­де-кім осы екі жол­дың қай­сы­сын ұ­стан­са, жа­зыл­ған нә­ти­же­сі­не же­те­ді. Мі­не, осы құл­дың қалауына қа­рай таң­дал­ған нә­ти­же­нің Алла Та­ға­ла та­ра­пы­нан әу ба­стан бі­лі­нуіне «тағ­дыр» де­лін­се, бі­лін­ген нәр­се­нің уақы­ты жет­кен ме­зет­те Алла Та­ға­ла­ның құ­ді­ре­ті­мен жү­зе­ге асуына «қа­за» де­лі­не­ді.

Жо­ға­ры­да Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз әзә­ли ілі­мі ар­қы­лы біз­дің мы­на дү­ниеде не іс­тей­ті­ні­міз­ді бі­ліп, біл­ге­нін тағ­дыр етіп «Ләу­хул-Мах­фуз­ға» жаз­ған де­дік. Де­мек, біз бұл дү­ниеде­гі бар­лық іс­те­рі­міз­ді Алла Та­ға­ла ал­дын ала біл­ге­ні үшін іс­те­мей­міз, ке­рі­сін­ше, Алла Та­ға­ла не істей­ті­ні­міз­ді біл­ге­ні үшін тағ­дыр­ға жаз­ған. Яғ­ни, Алла Та­ға­ла­ның біз­дің іс­тей­тін ісі­міз­ді ал­дын ала бі­луі – біз­ді сол іс­ті іс­теуге мәж­бүр ет­пей­ді.

Мы­са­лы, біз күн­нің шы­ғу са­ға­тын аст­ро­но­мия ғы­лы­мы ар­қы­лы ал­дын ала бі­ліп, күн­тіз­бе­ге жа­зып қоя­мыз. Уақы­ты жет­кен ме­зет­те, дәл сол минутта күн шы­ға­ды. Ал ен­ді осы күн­нің шы­ғуы біз­дің ал­дын ала есеп­теп біл­ге­ні­міз үшін жү­зе­ге ас­ты ма? Жоқ, әл­де сол уа­қыт­та шы­ға­тын бол­ға­ны үшін біз бі­ле­міз бе?

Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың ха­ди­сін­де: «Ба­қыт­ты адам ана­сы­ның құр­са­ғын­да ба­қыт­ты, ба­қыт­сыз адам да ана­сы­ның құр­са­ғын­да ба­қыт­сыз»[2] де­лін­ген. Бұл хадис­те ай­тыл­ған адам ба­ла­сы­ның иман­ды бо­лып, бақыт­қа ке­не­ле­ті­ні не­ме­се иман­сыз бо­лып ба­қыт­сыз­дық­қа ұшы­рай­ты­ны мы­на дү­ниеге аяқ бас­пай жа­тып, ана­сы­ның құр­са­ғын­да жа­зы­лып қояты­нын қа­лай түсі­ну­ге бо­ла­ды?

Иә, әр­бір адам­ның ба­қыт­ты бо­лу-болмауы ана­сы­ның құр­са­ғын­да жат­қан уа­қыт­та жа­зы­лып қояды. Әбу Бә­кір, Омар, Ос­ман, Әли сияқ­ты заң­ғар са­ха­ба­лар­дың иман нұры­мен нұр­ла­нып, екі дү­ниеде де ба­қыт­ты бо­ла­ты­ны жә­не Әбу Жә­һил, Әбу Лә­һәб се­кіл­ді иман­сыз жан­дар­дың ба­қыт­сыз бо­ла­тын­ды­ғы ана­ла­ры­ның құр­сақ­та­рын­да жатқан уа­қыт­та жа­зыл­ған. Бі­рақ бұл жа­зы­лу – олар­дың мына дү­ниеде­гі ниет­те­рі мен қа­лаула­ры есеп­ке алын­ба­стан жа­зыл­май­ды. Яғ­ни, Алла Та­ға­ла әзә­ли ілі­мі­мен бар­лық адам­ның мы­на дү­ниеде не іс­тей­ті­нін, қа­лаула­рын қай ба­ғыт­та қол­да­нып, иман­ды ­яки иман­сыз бо­ла­тын­дық­та­рын ал­дын ала біл­ген­дік­тен со­лай жа­зып қояды. Олар Алла Та­ға­ла жаз­ға­ны үшін ба­қыт­ты, не ба­қыт­сыз бол­май­ды. Ке­рі­сін­ше, олар­дың ба­қыт­сыз ­яки ба­қыт­ты бо­ла­ты­нын Алла Та­ға­ла әу ба­стан біл­ген­дік­тен тағ­дыр­ла­ры­на солай жаз­ған.

[1] Фус­си­лат сү­ре­сі/46

[2] Һәй­са­ми, Мәж­ма'уз-­зәуәид. VII. 193.

1 пікір
  • Я у многих гадалок, биоэнергетов была. Единственный человек, который реально мне помог, - Ирина. Все остальные - кто в лес, кто по дрова. Если её номер найду, напишу. По крайней мере, мне понравился и сам приём, и её советы, и реальное руководство к действиям. После её работы значительные улучшения пошли буквально по всем сферам. Это сугубо личное моё мнение - да, мне понравилось. Вот, нашла. Но была у неё уже давно, номер мог и измениться, но попробуйте по этому позвонить, может дозвонитесь: +7950-65-15-445.Только живет она в России в Свердловской области, поэтому лучше пишите смс.
    5 жыл бұрын