Періште түрлері
Періште түрлері
9 жыл бұрын 11481
Қайрат Жолдыбайұлы

1.Же­бі­рейіл пе­ріш­те. Алла та­ға­ла­ның бар­лық пайғам­бар­ла­ры­на уахи жет­кі­зу­ші пе­ріш­те. Яғ­ни, Алла Та­ға­ла мен пай­ғам­бар­ла­ры­ның ара­сын­да­ғы ел­ші. Жебірейіл пе­ріш­те Құ­ран­да «рух» деп те ата­ла­ды.

﴿وَإِنَّهُ لَتَنزِيلُ رَبِّ الْعَالَمِينَ * نَزَلَ بِهِ الرُّوحُالْأَمِينُ * عَلَى قَلْبِكَ لِتَكُونَ مِنَ الْمُنذِرِينَ﴾

«Әл­бет­те бұл (Құ­ран) әлем­дер­дің Раб­бы­сы­ның тү­сір­ген кі­та­бы. Оны се­нің жү­ре­гі­ңе ес­кер­ту­ші­лер­ден бо­лу­ың үшін Се­нім­ді Рух (Же­бі­рейіл) әкел­ді».[1]

2. Ми­кайл пе­ріш­те. Жа­ра­ты­лыс­та­ғы оқи­ға­лар­дың, жал­пы әлем­де­гі жан иеле­рі­нің ры­зық­та­ры мен ры­зық­та­ры­ның жел, бұлт, жаң­быр се­кіл­ді се­беп­те­рін қа­да­ға­лай­тын пе­ріш­те.

3. Ис­ра­фил пе­ріш­те. Бұл пе­ріш­те қия­мет кү­ні Алла Та­ға­ла­ның бұй­ры­ғы­мен сыр­най­ды ал­ғаш үр­ле­ген­нен кейін Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның қа­ла­ған кей­бір жа­ра­ты­лыс­та­ры­нан тыс көк­те­гі жә­не жер­де­гі бар­лық жа­ра­ты­лыс пәни­лік­ке бас иеді. Со­сын екін­ші рет сыр­най­ға үр­ле­ген уа­қыт­та бә­рі қай­та ті­рі­ле­ді.

Құ­ран­да:

﴿وَنُفِخَ فِي الصُّورِ فَصَعِقَ مَن فِي السَّمَاوَاتِ وَمَن فِي الْأَرْضِإِلَّا مَن شَاء اللَّهُ ثُمَّ نُفِخَ فِيهِ أُخْرَى فَإِذَا هُم قِيَامٌ يَنظُرُونَ﴾

«Сыр­най үр­лен­ді, Алланың қа­ла­ған­да­ры­нан тыс жер­де­гі жә­не көк­те­гі бар­лы­ғы де­реу жан­сыз жер­ге құ­ла­ды. Со­сын сыр­най та­ғы бір рет үр­лен­ген ме­зет­те адам­дар қа­бір­ле­рі­нен аяқ­қа тұ­рып жан-жа­ғы­на қа­рап қа­ла­ды»,[2] - де­лі­не­ді.

4. Әзі­рейіл пе­ріш­те. Бар­лық ажа­лы жет­кен адам­дар­дың ру­хын алу­мен мін­дет­тел­ген пе­ріш­те. Әзі­рейіл періш­те­нің бұй­ры­ғы­на ба­ғы­на­тын бас­қа да пе­ріш­те­лер бар.

5. Құр­сақ­та­ғы сә­би­ге жа­нын үр­лей­тін жә­не рыз­қын, ажа­лын, дү­ниеде іс­тей­тін амал­да­рын, ба­қыт­ты ­яки бақыт­сыз бо­ла­ты­нын жа­зу­мен мін­дет­тел­ген пе­ріш­те­лер­дің бар еке­нін ха­дис­тер­ден аң­ға­ра­мыз[3] (тағ­дыр бө­лі­мі­не қа­ра­ңыз).

6. Ки­ра­ман-Ка­ти­бин. Құл­да­ры­ның жақ­сы-жа­ман амал­да­ры мен іс­те­рін жа­зу­мен мін­дет­тел­ген пе­ріш­те­лер. Алла Та­ға­ла әр­бір адам­ның оң жа­ғы мен сол жа­ғы­на екі пе­ріш­те­ні жақ­сы-жа­ман амал­да­рын жа­зу үшін өкіл етіп қой­ған. Бұл екі пе­ріш­те адам­ның іс­те­ген үл­кен­ді-кі­ші­лі, жа­рия ­яки құ­пия, жақ­сы-жа­ман әр­бір ісін, сөй­ле­ген әр­бір сө­зін қа­да­ға­лап, амал дәп­тер­ле­рі­не жа­зып тұ­ра­ды.

Құ­ран­да:

﴿وَإِنَّ عَلَيْكُمْ لَحَافِظِينَ * كِرَاماًكَاتِبِينَ * يَعْلَمُونَ مَا تَفْعَلُونَ﴾

«Сен­дер­ді (жан­да­рың­нан ажы­ра­май­тын) арнайы ба­қы­лаушы­лар бар. (Олар) ар­дақ­ты* жа­зу­шы­лар. Сен­дер­дің не іс­те­ген­де­рің­ді бі­ле­ді».[4]

﴿وَلَقَدْ خَلَقْنَا الْإِنسَانَ وَنَعْلَمُ مَا تُوَسْوِسُ بِهِ نَفْسُهُ وَنَحْنُ أَقْرَبُ إِلَيْهِ

مِنْ حَبْلِ الْوَرِيدِ * إِذْ يَتَلَقَّى الْمُتَلَقِّيَانِ عَنِ الْيَمِينِ وَعَنِ الشِّمَالِ قَعِيدٌ

* مَا يَلْفِظُ مِن قَوْلٍ إِلَّا لَدَيْهِ رَقِيبٌ عَتِيدٌ﴾

«Еш кү­мән­сіз адам­ды біз жа­рат­тық жә­не біз нәп­сі­сі­нің оған не сы­быр­лай­ты­нын да бі­ле­міз. (Өйтке­ні) Біз оған кү­ре та­мы­ры­нан да жа­қын­быз. Оның оң жағын­да жә­не сол жа­ғын­да отыр­ған әр­бір ісін жазатын екі пе­ріш­те бар. Бір сөз сөй­лер-сөй­ле­мес жанын­да оны (сөз­ді) жа­зу­шы жә­не бал­қы­лаушы дайын тұрады».[5]

Адам ба­ла­сы жиыр­ма­сын­ша ға­сыр­да-ақ ды­быс­ты жә­не әр түр­лі кө­рі­ніс, қи­мыл­дар­ды жа­за­тын құ­рал­дар тауып шы­ғар­ды. Әри­не, Алла Та­ға­ла­ның пе­ріш­те­ле­рі мұн­дай құ­рал-жаб­дық­тар­ға мұқ­таж емес. Де­ген­мен, адам ба­ла­сы­ның өзі бой­ын­да­ғы шектеу­лі қа­бі­лет­те­рі­мен осын­дай жа­за­тын құ­рал­дар тауып шы­ға­рып жат­са, Алла Та­ға­ла­ның адам­ның іс­те­ген әр­бір ісі мен әр­бір сө­зін жаза­тын жа­зу­шы­ла­ры не­ге бол­ма­сын? Есеп кү­ні пе­ріш­те­лер­дің жаз­ға­ны бей­не бір жа­зып алын­ған бей­не тас­па­дай көр­се­ті­ле­ді. Қия­мет кү­ні адам ба­ла­сы өз құ­ла­ғы­мен дү­ниеде сөй­ле­ген жақ­сы-жа­ман әр­бір сө­зін ес­тіп, іс­те­ген әр­бір амал­да­рын өз кө­зі­мен кө­ре­ді. Кү­нә­һар­лар іс­те­ген кү­нә­ла­рын кө­ріп ты­ныс­та­ры та­ры­лып, өн бойы­нан шып-шып ақ­қан суық тер­ге кө­мі­ліп, қы­за­рып-са­за­рып, қор­қы­ныш­тан жү­рек­те­рі ді­ріл қа­ғып жат­қан­да, та­қуа жан­дар жа­са­ған игі­лік­те­рін кө­ріп жан жү­рек­те­рі­мен «әл­хам­ду­лил­лаһ» деп Раб­бы­ла­ры­на шү­кір етіп, кө­ңіл­де­рі жұ­ба­ныш тауып, шек­сіз қуа­ныш­қа бө­ле­не­ді. Де­мек, ақы­рет­те адам ба­ла­сы­ның әр­бір іс­те­ген іс­те­рі­не өзі іс­те­ген амал­да­ры куә­лік ет­пек. Кү­нә­ла­рын мой­ын­да­ғы­сы кел­мей, тұ­ра қаш­қы­сы кел­ген адам­дар­дың ал­ды­нан дү­ниеде­гі әр­бір ісі «Қай­да ба­ра­сың? Ме­ні іс­те­ген сен­сің» деп шы­ға ке­ле­ді.

7. Мүн­кәр-Нә­кир пе­ріш­те­ле­рі. Қа­бір­де­гі адам­дар­ға «Раб­бың кім? Пай­ғам­ба­рың кім? Кі­та­бың не?» сияқ­ты сұ­рақ­тар­ды қоя­тын әрі адам­дар­дың осы сұ­рақ­тар­ға берген жауап­та­ры­на қа­рай қа­рым-қа­ты­нас жа­сай­тын пе­ріш­те­лер. Мүн­кәр-Нә­кир «бей­та­ныс, бө­тен» де­ген ма­ғы­на­лар­ды біл­ді­ре­ді. Қа­бір­де­гі адам­ға бұ­рын-соң­ды көр­ме­ген кейіп­те, бей­та­ныс кө­рі­не­тін­дік­тен осы ат­пен атал­ған.

8. Зә­ба­ния пе­ріш­те­ле­рі. Ақы­рет­те то­зақ­қа бар­ған­дар­ды азаптау ісі мін­дет­тел­ген пе­ріш­те­лер.

9. Ри­ду­ан пе­ріш­те­ле­рі. Жән­нат­қа кі­ру ба­қы­ты­на кенел­ген­дер­ге қа­раушы пе­ріш­те­лер.

[1] Шу­ға­ра сү­ре­сі/192-195.

[2] Зу­мар сү­ре­сі/68.

[3] Бу­ха­ри, Бә­дул-халқ, Мус­лим, Ки­та­бул-қа­дар.

* Яғ­ни, ар­дақ­ты жа­зу­шы­лар деп бұл пе­ріш­те­лер­дің адам­дар­дың ара­сы­нан еш­кім­ді ала­лап жақ­та­май­тын бей­та­рап екен­дік­те­рі­не, бол­ған оқи­ға­ны жа­сы­рып ­яки асы­рып өті­рік жаз­бай­тын­дық­та­ры­на, еш­бір нәр­се­ні ұмыт қал­дыр­май­тын­да­ры­на иша­рат еті­ліп отыр.

[4] Ин­фи­тар сү­ре­сі/10-12.

[5] Қаф сү­ре­сі/17-18.

0 пікір