Оның (с.а.у.) ерек­ше өмір сал­ты – шы­найы ел­ші­лі­гі­не дә­лел
Оның (с.а.у.) ерек­ше өмір сал­ты – шы­найы ел­ші­лі­гі­не дә­лел
2 жыл бұрын 806
Қайрат Жолдыбайұлы

Пай­ғам­ба­ры­мыз егер (ха­ша уә кәл­ла) жал­ған пай­ғам­бар бол­ған бол­са, мал-мү­лік­ке ие бо­лу, ман­сап-би­лік­ке қол жет­кі­зу, атақ-абы­рой­ға ке­не­лу сияқ­ты пен­де­лік мақ­сат-мұ­рат­та­ры бо­ла­тын еді. Жал­ған пай­ғам­бар бо­лу­да егер дү­ниелік еш мақ­сат-мұ­рат жоқ бол­са, өз өмі­рін қауіп-қа­тер­ге, қиын­шы­лық­тар­ға ду­шар ете­тін мұн­дай ауыр да жауап­ты жүк­ті не­лік­тен сау ба­сы­на ті­леп ал­сын? Ал егер дү­ниелік еш мақ­са­ты жоқ бол­са, сөз­сіз Ол адам – шы­найы Алланың жі­бер­ген хақ пай­ғам­ба­ры бол­мақ.

Алла елшісінің (с.а.у.) нұрлы өмі­рін зерт­теп көр­сек, атал­мыш мақ­сат­тар­дың еш­бі­рін кез­дес­тір­мей­міз. Иә, Ол егер жал­ған пай­ғам­бар бо­лу ар­қы­лы мал-мү­лік­ті, атақ-абы­рой­ды, би­лік­ті мұ­рат ет­кен бол­са, әу бас­та бұ­лар­дың бә­рі Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға ұсы­ныл­ған еді. Күн­нен-күн­ге қанат жайып ба­ра жат­қан жа­ңа дін­нің ал­дын­да не іс­тер­ле­рін біл­мей аб­ды­ра­ған құ­рай­ыш­тар Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың не­ме­ре аға­сы Әбу Тә­ліп­ке ке­ліп: «Біз оған қа­ла­ған бай­лы­ғын бе­ре­лік, қа­ла­са Мек­ке­нің бар би­лі­гін қо­лы­на ұс­та­тай­ық, әйел қала­са, ең әде­мі қы­зы­мыз­ға үй­лен­ді­рейік, ауы­рып жүр­се, дү­ниенің ең атақ­ты дә­рі­ге­рін ша­қыр­тып ем­де­тейік. Тек ата-ба­ба­мыз­дың ді­нін жоқ­қа шы­ғар­ма­сын. Мы­на жа­ңа ді­нін тас­та­сын» – деп ұсы­ныс тас­та­ған еді.

Әбу Тә­ліп құ­рай­ыш­тар­дың бұл ұсы­ныс­та­рын Алла Ел­ші­сі­не жет­кіз­ді. Пай­ғам­ба­ры­мыз ұсы­ныс­та­рын ес­тір-ес­ті­мес: «Уаллаһи, егер ме­нің оң қо­лы­ма күн­ді, сол қолы­ма ай­ды ұс­тат­са да мен бұл ді­нім­ді уа­ғыздау­дан бас тарт­пай­мын» – деп жауап бер­ді. Ал, ен­ді Пай­ғам­ба­ры­мыз жал­ған пай­ғам­бар бол­ған бол­са, ас­пан­нан із­де­ге­ні жер­ден та­был­ған мы­на ұсы­ныс­тар­дың ал­дын­да жауабы жо­ға­ры­да­ғы­дай бо­лар ма еді?

Құ­ран­да жал­пы пай­ғам­бар­лар­дың есім­де­рі ша­ма­мен 500-ге жуық рет атал­са, Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың «Мұхаммед» есі­мі төрт-ақ рет ата­ла­ды. Пай­ғам­бар­лы­ғы ар­қы­лы атақ-абы­рой із­де­ген адам­ның кі­тап­та өзін осы­лай көр­се­туі мүм­кін бе?

Алла Ел­ші­сі мұ­сыл­ман­дар­дың ара­сын­да ең қа­дір­лі адам бо­ла тұ­ра үнемі қиын­шы­лық­тар­дың бел ор­та­сын­да жүр­ді. Үш күн бойы нәр тат­па­стан аш жүр­ген күн­де­рі жиі кез­де­се­ді. Тіп­ті кей­де аш­тық­тың ауырт­па­лы­ғы сон­ша­лық – оны аз да бол­са же­ңіл­де­ту үшін іші­не тас бай­ла­ды. Де­не­сі әл­сі­ре­ге­ні сон­ша­лық – на­маз­да­рын отырып оқу­ға мәж­бүр бо­ла­тын.

Әбу Һу­рай­ра (р.а.) ай­та­ды: «Бір кү­ні Алла Ел­ші­сін ме­шіт­те көр­дім. На­ма­зын оты­рып оқу­да екен. «Пай­ғам­ба­рым, сыр­қат­та­нып қал­ды­ңыз ба?» – деп сұ­ра­дым. «Жоқ, Әбу Һу­рай­ра, аш­пын. Аш­тық­тан тү­ре­ге­ліп оқи­тын дәр­ме­нім қал­ма­ды», – де­ді. Мен жы­лай бас­та­дым. Ол сон­да ме­ні жұ­ба­тып: «Жы­ла­ма, мах­шар­да есеп қиын­шы­лы­ғы аш бол­ған­дар­ға ти­мей­ді», – де­ді.

Та­ғы да бір кү­ні Хақ Пай­ғам­бар, ха­зі­ре­ті Әбу Бә­кір жә­не Омар­мен түн ор­та­сын­да Мә­ди­на­ның бір бұ­ры­шын­да ой­ла­ма­ған жер­ден кез­де­сіп қа­лып, бір-бі­рі­нен сұ­ра­ды: «Түн жа­ры­мын­да сырт­қа не­ге шық­ты­ңыз?». Үшеуі­нің де жауабы бір жер­ден шық­ты. «Аш­тық...». Иә, үшеуі де Алла үшін ба­рын бе­ріп, ен­ді азық бо­лар­лық бір ті­лім нан та­ба ал­ма­ған­дық­тан дөң­бек­шіп, ұйық­тай ал­май, сырт­қа шық­қан бет­те­рі еді.

Ис­лам шар­та­рап­қа қа­на­тын жай­ып мұ­сыл­ман­дар кү­шейіп, жағ­дай­ла­ры жақ­сар­ған­нан кейін де Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) және оның Әбу Бәкір, Омар секілді хас шәкірттері де өте қа­ра­пай­ым, жұ­пы­ны өмір сүр­ді.

Бір кү­ні Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың: «Омар, не­ге жы­лай­сың?» – де­ген сұ­ра­ғы­на ол: «Пай­ғам­ба­рым, дәл қа­зір пат­­ша­лар құс тө­сек­тер­де жат­қан­да, Сен ши үс­тін­де жа­тыр­сың. Ши де­не­ңе ба­тып із тас­тап­ты. Алай­да Сен Алланың Ел­ші­сі­сің. Ра­хат өмір­ге бә­рі­нен де лай­ық­сың!» – деп жауап бе­ре­ді. Сон­да Ра­қым Пай­ғам­бар (с.а.у.): «Омар, мы­на дү­ние – олар­дың, ал ақы­рет – біздікі бо­лу­ына ри­за емес­сің бе?»[1] – де­ді.

Пай­ғам­бар­дың от­ба­сын­да үш ай бойы қа­зан асы­лып, ыс­тық та­мақ ішіл­ме­ге­нін Айша ана­мыз риуаят ете­ді. Алла Ел­ші­сі (с.а.у.) дү­ниеден озған уа­қыт­та ар­тын­да еш­бір дү­ние қал­дыр­ма­ған. Өйтке­ні Ол – «Біздер – Пай­ғам­бар­лар ар­ты­мыз­ға дүниені ми­рас тас­та­май­мыз», - де­ген, тек пай­ғам­бар­лар­ға тән қа­сиет­ті сөз­дің иесі еді.

Ол (с.а.у.) алу­ды емес, бе­ру­ді, ішіп-жеуді емес, ішіп-же­гі­зу­ді ұна­та­тын. Киюді емес, өз­ге­ні киін­ді­ру­ді, қуану­ды емес, бас­қа­ны қуан­тып, жа­ра­лы жү­рек­те­рі­не шат­тық сый­лау­ды мін­дет деп біл­ді. Қыс­қа­сы, Ол (с.а.у.) өзі үшін емес, өз­ге үшін ғұ­мыр кеш­ті.

Иә, жал­ған пай­ғам­бар­лы­ғы ар­қы­лы мал-мү­лік, дүниені көз­де­ген көзбояушы бір адам­ның өмі­рі жо­ға­ры­да­ғы­дай бо­лар ма еді? Жауа­бын өзі­ңіз бе­рі­ңіз.

[1] Ән-ну­рул-ха­ли­ду Му­хам­ма­дун маф­ха­ра­тул-ин­са­ния.

0 пікір