Тау­лар­дың қоз­ға­луы
Тау­лар­дың қоз­ға­луы
9 жыл бұрын 4962
Қайрат Жолдыбайұлы

Құ­ран­ның бір ая­тын­да та­би­ғат­тың әсем де ас­қақ ажы­ра­мас бө­лі­гі – тау­лар­дың әр­дай­ым қоз­ға­лыс­та болаты­ны ту­ра­сын­да бы­лай де­лін­ген:

﴿وَتَرَى الْجِبَالَ تَحْسَبُهَا جَامِدَةً وَهِيَ تَمُرُّ مَرَّ السَّحَابِ﴾

«Тау­лар­ды кө­ріп, олар­ды тап­жыл­май тұр деп ой­лап қа­ла­сың. Ал олар бол­са, бұлт­тар­дың кө­шуі тә­різ­дес жыл­жу­да».[1]

Тау­лар­дың бұл қоз­ға­лы­сы жер қа­бы­ғы­ның қоз­ға­лы­сы­на бай­ла­ныс­ты бо­ла­ды. Жер қа­бы­ғы бол­са, ман­тия­ның үс­тін­де үне­мі қал­қып жү­ре­ді. Ең ал­ғаш ХХ ға­сыр­дың ба­сын­да не­міс ға­лы­мы Алф­ред Ве­ге­нер жер бе­тін­де­гі құр­лық­тар­дың бас­тап­қы­да бір­тұ­тас бол­ға­ны, кейін­нен түр­лі ба­ғыт­тар­да жыл­жып, бір-бі­рі­нен бө­лін­ге­ні ту­ра­лы тұ­жы­рым­ды ор­та­ға сал­ған бо­ла­тын.

Алай­да, гео­лог­тар Ве­ге­нер­дің айт­қан­да­ры­ның тек тұ­жы­рым ға­на емес, ғы­лы­ми ақи­қат екен­ді­гі­не оның өлі­мі­нен 50 жыл­дан кейін ға­на, яғ­ни 1980 жыл­да­ры ға­на көз­де­рі же­те­ді. Ал, бұл ақи­қат Ве­ге­нер­ден де пә­лен­бай ғасыр бұ­рын бү­кіл ғы­лым­дар­дың қай­нар бұ­ла­ғы – Құран­да ай­ты­лып кет­кен еді.

Ве­ге­нер­дің 1915 ж. жа­риялан­ған ма­қа­ла­сын­да мы­на де­рек­тер кел­ті­ріл­ген еді: жер бе­тін­де­гі құр­лық­тар ша­ма­мен 500 мил­лион жыл бұ­рын бір­тұ­тас бол­ған, Пангаэя ат­ты бұл үл­кен құр­лық оң­түс­тік по­люс­те ор­на­лас­қан. Ша­ма­мен 180 мил­лион жыл бұ­рын Пангаэя екі­ге бө­лі­не­ді. Екі ба­ғыт­қа қа­рай жыл­жып отыр­ған бұл екі құр­лық­тың бі­рі – Аф­ри­ка, Авс­тра­лия, Ан­та­рк­ти­када жә­не Үн­ді­стан­ды қам­ты­ған Гонд­ва­на, ал, екін­ші­сі – Еуро­па, Сол­түс­тік Аме­ри­ка жә­не Үн­ді­стан­сыз Азия­дан тұ­ра­тын Лавра­зия бо­ла­тын.

Осы­лай­ша, Пангаэя­ның бө­лі­нуі нә­ти­же­сін­де пай­да бол­ған бұл құр­лық­тар үз­дік­сіз түр­де жыл­да бір­не­ше санти­ме­тр­лік жыл­дам­дық­пен жыл­жып оты­ра­ды.

Бұл жер­де ай­та ке­те­тін та­ғы бір ма­ңыз­ды нәр­се – Құран ая­тын­да тау­лар­дың қоз­ға­лы­сы­на бай­ла­ныс­ты «жыл­жу» сө­зі­нің қол­да­ны­луы. Қа­зір­гі ға­лым­дар­дың бү­гін­гі таң­да осы тау­лар­дың қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы пай­да­ла­нып жүр­ген тер­ми­ні ағыл­шын ті­лін­де «continental drift», яғ­ни «құр­лық­тық жыл­жу».

[1] Нә­міл сү­ре­сі/88.

0 пікір