Жер­дің до­ма­лақ­ты­ғы
Жер­дің до­ма­лақ­ты­ғы
2 жыл бұрын 595
Қайрат Жолдыбайұлы

Құранның: ﴿يُكَوِّرُ اللَّيْلَ عَلَى النَّهَارِ وَيُكَوِّرُ النَّهَارَ عَلَى اللَّيْلِ﴾  «Түн­ді күн­діз­дің үс­ті­не, күн­діз­ді түн­нің үс­ті­не орайды»[1]– деген аяты жер­дің шар тә­різ­дес екен­ді­гін меңзейді.

Араб ті­лін­де «та­ку­ир» сө­зі до­ма­лақ нәр­се­нің сыр­ты­на бір нәр­се­ні орау, бай­лау де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Демек, жер шар тә­різ­дес бол­ған­дық­тан күн мен түн үшін «орай­ды» сө­зі қол­да­ны­лып отыр. Күн мен түн­нің тәу­лік бойы өза­ра ал­ма-ке­зек ауы­сып оты­руы – Жер ша­ры дома­лақ пі­шін­де бол­ған жағ­дай­да ға­на жү­зе­ге аса­ды. Міне, Құ­ран осы­лай­ша «та­ку­ир» сө­зі ар­қы­лы Жер­дің шар тә­різ­дес екен­ді­гін біл­ді­ру­де. «На­зи­ғат» сү­ре­сі­нің оты­зын­шы аяты жер пі­ші­ні­нің аз­дап со­пақтау екен­ді­гін:﴾ وَالْأَرْضَ بَعْدَ ذَلِكَ دَحَاهَا ﴿  «Со­дан кейін жер­ді түйе құ­сы­ның жұ­мы­рт­қа­сы пі­ші­ні­не кел­ті­р­ді»* – деп ай­қын біл­ді­ре­ді.

Ба­тыс әле­мі он ал­тын­шы ға­сыр­дың өзін­де жер­дің до­ма­лақ екен­ді­гін дә­лел­де­мек бол­ған ға­лым­да­рын инк­ви­зи­ция со­тын­да қа­ра­лап, от­қа жа­ғу жа­за­сы­мен қор­қыт­қа­ны та­рих­тан бел­гі­лі. Мұ­ның бә­рі шір­кеу­дің ғы­лым­ға қар­сы бол­ған­ды­ғы­нан туын­да­ды. Ба­тыс­та Жер­дің до­ма­лақ екен­ді­гін әрі өз осьін жә­не күн­ді ай­на­ла­тын­ды­ғын атақ­ты ға­лым Ко­пер­ник бі­ле тұ­ра, сол кез­де­гі ғы­лым-бі­лім­ге қас шір­кеу поп­та­ры­нан қо­рық­қан­дық­тан ашық ай­та ал­ма­ды. Тың жа­ңа­лық жай­лы Ко­пер­ник­тің бұл кі­та­бы өзі дү­ние сал­ған­нан кейін ға­на жа­рық­қа шық­ты. Ко­пер­ник­тің бұл ең­бе­гі он се­гі­зін­ші ға­сыр­ға дейін ба­тыс елін­де тый­ым са­лын­ған бір­қа­тар кі­тап­тар­дың қа­та­рын­да бол­ды.

Ко­пер­ник­тен кейін Ита­лияның атақ­ты ға­лы­мы Галилео Га­ли­лей Жер­дің до­ма­лақ­ты­ғын әрі оның өз-өзін жә­не күн­ді ай­на­лу­да екен­ді­гін өз кі­та­бын­да жаз­ған еді. Алай­да ин­ки­ви­зи­ция со­ты оны да от­қа өр­тей­міз деп қор­қы­тып, сот ал­дын­да өз пі­кі­рі­нен бас тар­ту­ға мәж­бүр­ле­ді. Га­ли­лей сот тар­қа­ған­нан кейін «Жер бә­рі­бір ай­на­лыс­та» де­ген пі­кі­рін кү­бір­ле­ген бой­да ке­те бар­ды. Га­ли­лей­ден кейін Ита­лия фи­ло­со­фы Бру­но да өзі­не дейін­гі Ко­пер­ник, Га­ли­лей сын­ды ға­лым­дар­дың жер­ге бай­ла­ныс­ты пікі­рін қол­да­ған­дық­тан инк­ви­зи­ция со­ты та­ра­пы­нан аяу­сыз өр­те­ліп, жа­рық дү­ниемен қош ай­тыс­ты. Мі­не, ба­тыс әле­мі жер­дің до­ма­лақ­ты­ғын әрі өз осьін жә­не күн­ді ай­на­лып тұр­ған­ды­ғын он ал­тын­шы ға­сыр­дың өзін­де осы­лай та­ла­сып-тар­ты­сып жат­қан кез­де, ис­лам әле­мі оны ғы­лы­ми тұр­ғы­да он бірінші ға­сыр­лар­да-ақ анық дә­лел­де­ген әрі мұ­сыл­ман­дар бұ­ған кә­міл сен­ген-ді. Тіп­ті көп­те­ген мұ­сыл­ман ға­лым­дар он бірінші ға­сыр­ға дейін­гі өз ең­бек­те­рін­де де жо­ға­ры­да­ғы аят­тар­ға сүйене отырып Жер­дің до­ма­лақ­ты­ғын жа­зып кет­кен­ді­гі­не сол та­ри­хи кі­тап­тар­дың өзі куә. Жер­дің до­ма­лақ­ты­ғын ғы­лы­ми тұр­ғы­да әл-Би­ру­ни ат­ты ға­лым он бірінші ға­сыр­лар­да дә­лел­деп бер­ді. Әл-Би­ру­ни Жер­дің до­ма­лақ екен­ді­гін әрі өз-өзін жә­не Күн­ді ай­на­лып тұр­ған­ды­ғы­мен қо­са тіп­ті жер­дің «тар­ты­лыс» кү­ші жай­ын­да да сөз қоз­ға­ған. Әл-Би­ру­ни Жер­дің «тар­ты­лыс» кү­шін кейін­нен дә­лел­де­ген Нью­тон­нан бірнеше ға­сыр бұ­рын жер­де­гі «тар­ты­лыс» кү­шін бы­лай деп айтып кеткен:

«Жер ай­на­лып тұр­са, он­да жер бе­тін­де­гі тау-тас, ағаш, жан­ды-жан­сыз­дар не­ге ға­рыш ке­ңіс­ті­гі­не құ­лап кет­пейді» деп сұ­рал­са, бы­лай деп жауап бе­ре­мін: Бұл жағ­дай жер­дің ай­на­лу­ына қа­тыс­ты жа­ңа­лы­ғы­мыз­ға қай­шы емес. Өйтке­ні бар­лық нәр­се жер­дің ор­та­лы­ғы­на тү­су­де. Де­мек жер­дің ор­та­лы­ғын­да тар­ты­лыс бар. Мі­не, жер­де­гі осы «тар­ты­лыс» кү­ші жер бе­тін­де­гі бар­лық нәр­се­нің басқа жақ­қа құ­лап ке­туіне ке­дер­гі жа­сауда.»[2]

[1] Зу­мар сү­ре­сі/5

* Бұл аят­та­ғы «دَحَاهَا», «да­ха­һа» сө­зі­нің: тө­се­ді, жай­ды де­ген ма­ғы­на­ла­ры да бар.

[2] Ша­бан Дө­ген, Мұ­сыл­ман бі­лім өн­жил­ле­ри ан­сак­ла­пе­диясы, 51-бет. Стам­бул.

0 пікір