Жаң­быр­да­ғы өл­шем­
Жаң­быр­да­ғы өл­шем­
2 жыл бұрын 617
Қайрат Жолдыбайұлы

Құ­ран Кә­рім­де жаң­быр­дың бел­гі­лі бір мөл­шер­де жауаты­ны ту­ра­лы бы­лай де­лін­ген:

﴿وَالَّذِي نَزَّلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً بِقَدَرٍ فَأَنشَرْنَا بِهِ بَلْدَةً مَّيْتاًَ كَذَلِكَ تُخْرَجُونَ﴾

«Алла Та­ға­ла көк­тен бел­гі­лі бір мөл­шер­мен су жі­бе­ру­де. Біз оны­мен өлі бір өл­ке­ге жан бе­ріп, құл­пырт­тық. Мі­не, сен­дер де осы­лай қай­та ті­рі­ле­сің­дер».[1]

Жаң­быр­ға бай­ла­ныс­ты ай­тыл­ған бұл мөл­шер де тех­но­ло­гия мен ғы­лым­ның да­мы­ған біз­дің за­ма­ны­мыз­да табы­лып отыр. Зерт­теу­лер­дің нә­ти­же­сі бой­ын­ша, жер бе­ті­нен се­кун­ды­на 16 мил­лион тон­на су бу­ла­нып ауаға кө­те­рі­ле­ді. Бұл мөл­шер жы­лы­на 505 трил­лион­ды құ­рай­ды. Дәл осы мөл­шер – бір жыл­да жер бе­ті­не жауа­тын жаң­быр­дың да мөл­ше­рі екен­ді­гі таң­дан­ды­ра­ды. Яғ­ни, су әр­дай­ым бел­гі­лі бір те­пе-тең­дік­те ай­на­лып тұ­ра­ды. Егер бұл те­пе-тең­дік­те өз­ге­ріс туа қал­са, әлем­де үл­кен эко­ло­гиялық ауыт­қу­лар бе­лең алып, тір­ші­лік­тің тоқтауына әке­ліп со­ғу да бек мүмкін.

Жаң­быр­да­ғы мұн­дай аса бір ше­бер өл­шем тек оның мөл­ше­рін­де ға­на емес, со­ны­мен қа­тар жер­ге тү­су жыл­дам­ды­ғын­да да бай­қа­ла­ды. Жаң­быр бұлт­та­ры ең аз де­ген­де 1200 метр биік­тік­те бо­ла­ды. Егер де үл­кен­ді­гі мен сал­ма­ғы жаң­быр там­шы­сын­дай бір зат мұн­дай биік­тік­тен құ­ла­са, жер­ге 558 км/сағ жыл­дам­дық­пен ке­ліп тү­сер еді. Алай­да, жаң­быр там­шы­ла­ры­ның ерек­ше фор­ма­сы бұ­ған мұр­сат бер­мейді. Жаң­быр бұлт­та­ры – қан­дай биік­тік­те бол­са да, там­шы­лар­дың жер бе­ті­не тү­се­тін жыл­дам­ды­ғы ор­та­ша ал­ған­да 8-10 км/сағ-дан ас­пай­ды[2].

Атақ­ты ба­тыс-шы­ғыс ға­лым­да­ры­ның Құ­ран­ға таң­ға­лып оның Илә­һи кі­тап екен­ді­гін мой­ын­дап, растауы ой­лан­ған­ға ғиб­рат. Мы­сал­ға: C. Харт: Құ­ран­ның Алла та­ра­пы­нан Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға (с.а.у.) уахи ар­қы­лы жі­бе­ріл­ген­ді­гін, Жан Поуль Роул: Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) ең үл­кен мұғ­жи­за­сы­ның пе­ріш­те ар­қы­лы жі­бе­ріл­ген Құ­ран Кә­рім екен­ді­гін, Вик­тор Им­бер­дес: Құ­ран­ның бү­тін заң не­гіз­де­рі­не қай­нар кө­зі бо­ла ала­тын­дай бай кі­тап екен­ді­гін, Док­тор М. Бу­кай­ле: Құ­ран­ның көп­те­ген ғы­лы­ми же­тіс­тік­тер­дің не­гі­зін қам­ты­ған­ды­ғын то­лық зерт­теп жә­не он­да­ғы бас­қа да ақи­қат­тар­ға тән­ті бо­лып, мұсыл­ман бол­ған­ды­ғын, Род­вел: Құ­ран­ды оқы­ған сай­ын таң­ға­ла­тын­ды­ғын айтса, Ге­те: Бұл кі­тап (Құ­ран) мәң­гі­лік қуат­күш­тің қай­нар кө­зі бо­лып қа­ла бер­мек, Капитан Кус­то: «Қа­зір­гі ғы­лым­ды он төрт ға­сыр арт­қа тас­та­ған Құ­ран­ға ант етейін, ол – Алланың хақ сө­зі» деген. Абай ата­мыз: «Ал­ла­ның өзі де рас, сө­зі де рас, Рас сөз ешуа­қыт­та жал­ған бол­мас», – деп Құ­ран­ның хақ екенді­гін білдірген.

[1] Зух­руф сү­ре­сі/11.

[2] Адем Якуп, Ку­ран му­жи­зе­ле­рі. Не­сил Мат­ба­жы­лык, 2003 ж.

0 пікір