Биік­ке кө­те­ріл­ген сай­ын кеуде­нің қы­сы­луы
Биік­ке кө­те­ріл­ген сай­ын кеуде­нің қы­сы­луы
2 жыл бұрын 509
Қайрат Жолдыбайұлы

Адам ба­ла­сы­ның өмір сү­руі үшін от­те­гі­нің мә­ні айт­па­са да бел­гі­лі. Біз­дің дем алуы­мыз – ауада­ғы от­те­гі­нің өк­пе­міз­ге кі­руін қам­та­ма­сыз ете­ді. Ал, биік­те­ген сай­ын жер ша­ры­ның ат­мос­фе­ра­сы жұ­қа­ра тү­се­тін­дік­тен, ат­мос­фе­ра­ның қы­сы­мы мен қан ай­на­лы­мы­на тү­се­тін от­те­гі­нің мөл­ше­рі азая тү­се­ді. Яғ­ни, дем алу қиын­дай тү­се­ді де, өк­пе қы­сы­ла­ды. Бел­гі­лі бір биік­тік­тен кейін адам ба­ла­сы дем ала ал­май­ды. Те­ңіз дең­гейі­нен 5000-7500 метр биік­тік­те­гі адам дем алу­дың қиын­ды­ғы­нан та­лып та қа­ла­ды. Осы жо­ға­ры­ға кө­те­ріл­ген сай­ын от­те­гі­нің азая тү­се­ті­нін қа­зір­гі ғы­лым соң­ғы ға­сыр­лар­да тауып отыр­са, Құ­ран 1400 жыл бұ­рын бы­лай деп дөп ба­сып ай­тып кет­кен:

﴿فَمَن يُرِدِ اللّهُ أَن يَهْدِيَهُ يَشْرَحْ صَدْرَهُ لِلإِسْلاَمِ وَمَن يُرِدْأَن يُضِلَّهُ يَجْعَلْ صَدْرَهُ ضَيِّقاً حَرَجاً كَأَنَّمَا يَصَّعَّدُفِي السَّمَاء﴾

«Алла кім­ді ту­ра жол­ға сал­ғы­сы кел­се, оның көкі­ре­гін Ис­лам­ға аша­ды. Ал кім­ді адас­тыр­ғы­сы кел­се, оның кө­кі­ре­гін бей­не бір көк­ке кө­те­рі­ліп ба­ра жат­қан­дай қы­са­ды».[1]

Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың ұшақ жа­сап, биік­те кө­те­рі­ліп ұш­па­ға­нын жә­не өмір сүр­ген Мек­ке, Мә­ди­на­ның тө­ңі­ре­гін­де тө­бе­сі­не шық­қан адам­ның кеуде­сі қы­сы­ла­тын­дай биік тау­лар­дың жоқ­ты­ғын ес­кер­сек, бұл ақи­қат­ты жет­кіз­ген Мұхаммед­тің (с.а.у.) шы­найы пай­ғам­бар­лы­ғы мен Құ­ран­ның хақ­ты­ғы­ның ал­дын­да қа­лай­ша бас имес­сің?!

[1] Ән­ғам сү­ре­сі/125.

0 пікір