Адам ба­ла­сы­ның дү­ниеге ке­луі
Адам ба­ла­сы­ның дү­ниеге ке­луі
9 жыл бұрын 4320
Қайрат Жолдыбайұлы

Адам өмі­рі­не ақи­қат нұ­рын шаш­қан қа­сиет­ті Құ­ран­да пен­де­ні иман­ға же­те­леу үшін алуан түр­лі дә­лел­дер кел­ті­рі­ле­ді. Адам кө­зін ақи­қат­қа ашу үшін Жа­ра­ту­шы ие­міз бір­де көк­ті, бір­де жер­ді, бір­де өсім­дік­тер­ді, ен­ді бір­де жа­ну­ар­лар­ды тіл­ге тиек етіп, олар­дың жа­ра­ты­лы­сын­да­ғы ға­жай­ып сыр­лар­ды ашып са­ла­ды.

Сондай-ақ, Құ­ран­ның көп­те­ген аят­та­рын­да адам бала­сы­ның дү­ниеге қа­лай ке­ле­ті­ні, Алланың құ­ді­ре­ті­мен ана құр­са­ғын­да жа­тып қан­дай да­му кезең­де­рі­нен өте­ті­ні ту­ра­лы жиі-жиі сыр шер­ті­ле­ді. Мыса­лы «Мү­ми­нун» сү­ре­сін­де:

«Ра­сын­да, біз адам­ды на­ғыз (сү­зіл­ген) бал­шық­тан жа­рат­тық. Со­сын оны шәует­тің бір там­шы­сы күйін­де мық­ты жер­ге (жа­тыр­ға) ор­на­лас­тыр­дық. Со­сын ол там­шы­ны ала­қа­ға (жа­быс­қақ ұрық­тан­ған клет­ка­ға) со­сын, оны муд­ға­ға (бір тіс­тем ет кө­рі­ні­сін­де­гі жа­ра­ты­лыс­қа) со­сын муд­ға­ны сүйек­тер­ге ай­нал­дыр­дық, со­сын сүйек­тер­ді ет­пен қап­та­дық, со­сын, оны бас­қа бір жа­ра­ты­лыс жа­са­дық. Алла ең ке­ре­мет Жа­ра­ту­шы»[1]де­лі­не­ді. Осы сияқ­ты мұғ­жи­за­ға то­лы аят­тар Құ­ран­да көп­теп кез­де­се­ді. Мұн­дай аят­тар­да 7-ші ға­сыр­да адам­дар­дың бі­луі мүм­кін емес бол­ған ғы­лы­ми детальдар жат­қа­нын бай­қау қиын­ға соқ­пай­ды. Мы­сал бе­ре кет­сек:

  1. Адам шәует сұй­ығы­ның тү­ге­лі­нен емес, тек бір кіш­ке­не бө­лі­гі­нен, яғ­ни ата­лық клет­ка­дан (спер­ма­дан) жа­ра­ты­ла­ты­ны,
  2. Сә­би­дің жы­ны­сын – ата­лық ұрық ай­қын­дай­ты­ны,
  3. Эмб­рион­ның ана құр­са­ғы­на сү­лік­тей боп жа­бы­сып тұ­ра­ты­ны,
  4. Сә­би ана құр­са­ғын­да 3 қа­раң­ғы ке­ңіс­тік ішін­де өсе­ті­ні, т.б.

Бұл де­тал­ьдар 20 ға­сыр­да ғы­лым мен тех­но­ло­гияның ша­­рық­тау ше­гін­де ға­на ай­қын­дал­ған­ды­ғы – адам­ды Құран­­ға жә­не оны тү­сі­ру­ші Аллаға жа­қын­да­та түспеуі мүм­кін емес, сі­рә. Ен­ді осы­лар­ға те­ре­ңі­рек тоқ­та­ла кетелік.

[1] Му­ми­нин сү­ре­сі/12-14.

0 пікір