Ұлы Пат­ша­ның әділ­ді­гі ақы­рет­ті та­лап ете­ді
Ұлы Пат­ша­ның әділ­ді­гі ақы­рет­ті та­лап ете­ді
2 жыл бұрын 697
Қайрат Жолдыбайұлы

«Кім­де-кім то­заң­дай жақ­сы­лық іс­те­се,

жақ­сы­лы­ғы­ның қа­ры­мын сөзсіз алады.

Ал кім­де-кім то­заң­дай

жа­ман­шы­лық жа­са­са, оның

жа­за­сын тар­та­ды».

«Зил­зал» сү­ре­сі

 

Алла Та­ға­ла күл­лі әлем мен жал­пы жа­ра­ты­лыс атауына сал­та­нат­ты пат­ша­лы­ғын құ­рып, әр нәр­се­ге өзі­нің үкі­мін қа­был­да­тып, би­лі­гін жүр­гі­зу­ші Ұлы Пат­ша. Жа­ра­ты­лыс­та­ғы әр нәр­се Оның ілі­мі­нен тыс қал­май­ды. Әр­бір іс Оның рұқ­са­тын­сыз жү­зе­ге ас­пай­ды. Күл­лі әлем Осы Ұлы Пат­ша­ның мейірі­мі­нен ал­ған нәр­мен ты­ныс алып, тір­ші­лік бе­тін­де қа­лу­да. Оның осы шек­сіз мейі­рім нұ­ры­нан өзі­нің нә­сі­бін ал­ған ақыл­сыз тауық та өз ба­ла­па­нын қор­ғау үшін жырт­қыш­тар­дың аузы­на тү­сіп, жа­нын пи­да ету­де. Осын­дай мейі­рім­нің не­гіз­гі қай­нар-бұ­ла­ғы, құ­ді­ре­ті шек­сіз Ұлы Пат­ша, өзі­нің бұй­рық­та­ры­на қар­сы шы­ғып, ел ішін­де­гі әл­сіз­дер­дің ақы­сын жеп, зұ­лым­дық­қа бел­ше­сі­нен ба­тып, тай­раң­дап жүр­ген­дер­дің тиіс­ті жа­за­сын бе­ріп, олар­дан әл­сіз­дер­дің ақы­сын алып, иеле­рі­не қай­тармауы, әл­сіз құл­да­ры­ның мүд­де­сін қор­ға­мауы мүм­кін бе? За­лым­дар­дың іс­те­ген іс­те­рі­нен есеп ал­ма­стан, олар­ды жауап­қа тарт­па­стан жі­бе­ре сал­са, бұл ісі Оның сал­та­нат­ты пат­ша­лы­ғы мен әді­лет­ті би­лі­гі­не әрі шек­сіз құ­ді­ре­ті­не жа­ра­сар ма еді? Ал зұ­лым­дық, әл­сіз­дік сияқ­ты нұқ­сан си­пат – мейірі­мі шек­сіз Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға жат си­пат. Осы­лай бола тұ­ра, мы­на жал­ған дү­ниеде за­лым­дар­дың тиіс­ті жа­за­сы мен жақ­сы­лар­дың із­гі іс­те­рі­нің қа­ры­мы лайық дәрежеде бері­ле бермейді. Де­мек, сы­нақ үшін жа­ра­тыл­ған мы­на уа­қыт­ша дү­ниеден кейін ақы­рет­те үл­кен сот бол­мақ. Бұл сот­тың әді­лет­ті тө­ре­ші­сі Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дың өзі бо­лып, сол жер­де бә­рі­не тиіс­ті ба­ға­сы беріл­мек. Ен­де­ше, бар­лық ке­мел­дік­тің шы­найы иесі, пат­ша­лар­дың пат­ша­сы – Алла Та­ға­ла жақ­сы­лар­ға сауа­бын сый­лап, жа­ман­дар­ға аза­бын бе­ріп, әді­лет­ті­лі­гі мен шексіз құ­ді­ре­тін паш етуі үшін ақы­рет­ті жа­ра­тып, үл­кен сот құ­ру­ға тиіс. Иә, Алланың шек­сіз құ­ді­ре­ті мен қа­ра қыл­ды қақ жа­рар әді­ле­ті ақы­рет­ті, үл­кен есеп кү­ні­нің жа­ра­ты­луын қа­лай­ды.

Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз Құ­ран Кә­рім­де:

﴿وَنَضَعُ الْمَوَازِينَ الْقِسْطَ لِيَوْمِ الْقِيَامَةِ فَلَا تُظْلَمُ نَفْسٌ شَيْئاً وَإِن كَانَمِثْقَالَ حَبَّةٍ مِّنْ خَرْدَلٍ أَتَيْنَا بِهَا وَكَفَى بِنَا حَاسِبِينَ﴾

«Қия­мет кү­ні әділ­дік та­ра­зы­сын құ­ра­мыз. Ол жер­де еш­бір жан әді­лет­сіз­дік­ке ұшы­ра­май­ды. Іс­те­лін­ген іс бір хар­дал дә­ні­нің сал­ма­ғын­дай бол­са да, оны та­ра­зы­ға әке­ліп тар­та­мыз. Есеп алу­шы ре­тін­де біз жет­кі­лік­ті­міз»,[1]– деп бұл дү­ниеде іс­те­ген әр­бір ісі­міз­дің ақы­рет­те әділ та­ра­зы­мен тар­ты­ла­тын­ды­ғын біл­ді­ре­ді.

Иә, ақы­рет сияқ­ты екін­ші бір дү­ние жа­ра­тыл­ма­са, мы­на дү­ниеде­гі көп­те­ген түйіні қиын сауал­дар жауап­сыз қал­мақ. Мы­на дү­ниеде се­зі­ліп, бай­қал­ған көп­те­ген әсем ма­ғы­на баян­сыз ке­тіп, күл­лі жа­ра­ты­лыс бей­не бір мағына­сы аяқ­сыз қал­ған тү­сі­нік­сіз кі­тап бол­мақ.

[1] Әнбия сү­ре­сі/47

0 пікір