Ру­хы­мыз­дың мәң­гі­лік­ті аң­сауы
Ру­хы­мыз­дың мәң­гі­лік­ті аң­сауы
2 жыл бұрын 752
Қайрат Жолдыбайұлы

Кез кел­ген адам ба­ла­сы ма­ша­қат, бей­нет­ке то­лы, найза­ғай жыл­дам­ды­ғы­на па­ра-пар қа­лай зы­мы­рап өтіп кетке­ні тү­сі­нік­сіз мы­на қамшының сабындай қысқа ғұмырға қа­на­ғат­тан­бай­ды. Оның ру­хы, жан дү­ниесі мәң­гі­лік­ті аң­сай­ды. Шек­сіз өмір мен ба­қи дү­ниеге құш­тар­ла­нып тұ­ра­ды. Өзі­нің бір ға­сыр­ға да жет­пей­тін жал­ған, шектеу­лі өмі­рін ой­лап, бүгін ба­сып жүр­ген қа­ра жер­ді ер­тең көр­пе етіп жа­мы­ла­рын се­зін­ген сәт­те мәң­гі­лік­ке құш­тар жан-жү­ре­гін қай­да қоя­рын біл­мей, ұйқы­сы қа­шып, ша­ра­сыз­дық­тан ма­за­сыз­да­на тү­се­ді. Адам ба­ла­сы­ның рухын мәң­гі­лік­ке құш­тар етіп, оған екінші бақи өмір­ге де­ген ын­тық се­зім­ берген Алла Тағала, әл­бет­те, оған аң­сап, ар­ман­даған мәң­гі­лік екінші өмірді бе­ре­ді. Олай дей­ті­ні­міз жер жү­зін сан алуан дәм мен жұ­пар иіс­ті әр түр­лі же­міс-жидек пен та­ғам­дар­ға тол­ты­рып, адам ба­ла­сы­на со­лар­ды та­тып кө­ре­тін дәм та­ту се­зі­мін сый­ла­ған аса жо­март Жап­пар ие­міз егер адам үшін мәң­гі­лік өмір­ді жа­рат­пай­тын бол­ған­да, оның ту­ла­ған жү­ре­гі­не мәң­гі­лік­ке де­ген құш­тар­лық се­зі­мін де бер­мес еді. Яғ­ни, мәң­гі­лік­ке де­ген құш­тар­лық­ты бер­ген Алла мәң­гі­лік өмір­ді де бер­мек. Мейірі­мі шек­сіз Алла жа­ра­ты­лыс­та­ғы әр нәр­се­ге ті­ле­ге­нін бе­ріп, сұ­ра­ға­нын жауап­сыз қал­дыр­мауда. Дұ­ға етіп, ті­лек ті­леу үшін жай­ыл­ған еш­бір ала­қан­ды Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дың жауап­сыз құр қай­та­ру­ға ұяла­ты­ны жай­лы көп­те­ген ха­дис­тер­де біл­ді­рі­лген.[1]

Ас­қа­за­ны­мыз­дың аш­тық ар­қы­лы сұ­ра­ған дұ­ға-ті­ле­гін жауап­сыз қал­дыр­май ас­пан­нан жаң­быр жауғы­зып, жер­ге әр түр­лі же­міс-жи­дек­ті тө­гіп, жан-жа­ну­ар­ды ал­ды­на салып бер­ген мейі­рім-ра­қы­мы мол Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз сүйік­ті құ­лы, жа­ра­ты­лыс­тың ма­ңы­зы – жал­пы адам ба­ла­сы­ның «мәң­гі­лік, мәң­гі­лік» деп ту­ла­ған жү­ре­гі­нің ті­ле­гі мен дұ­ға­сын қа­лай ға­на жауап­сыз қал­ды­рып, оны жоқ етіп тір­ші­лік бе­ті­нен мүл­де кел­мес­ке сы­зып тас­та­сын? Ол үшін ақы­рет әле­мін, ба­қи өмір­ді жа­рат­па­сын? Адам­ды өмір сах­на­сы­нан мүл­дем кел­мес­ке жі­бе­ріп, Өзі­нің шек­сіз мейі­рім­ді­лі­гі мен ра­қым­ды­лы­ғын қа­лай ға­на жоққа шы­ғар­сын? Өйтке­ні адам­ды мәң­гі­лік өмір­ге құш­тар­лан­ды­рып, со­сын оған құш­тар­лан­ған мәң­гі­лік өмі­рін бермеуі – Оның шек­сіз ша­па­ғат, мейірі­мі­не те­ріс бол­мақ.

Егер ақы­рет бол­ма­са, бұл ғұ­мыр­да кө­рі­ніс тап­қан Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның ма­хаб­бат шуағы­ның еш бір мән-мағы­на­сы қал­май, мейі­рім­ді­лік зұ­лым­дық­қа, ма­хаб­бат дұш­пан­дық­қа, ләз­зат өкі­ніш­ке ай­на­лар еді. Се­бе­бі адам бұл дү­ниенің фә­ни ләз­зат­та­ры­мен, өт­пен­ші ра­ха­ты­мен, Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­ның мы­на дү­ниемен шектеу­лі уа­қыт­ша ма­хаб­ба­ты­мен қа­на­ғат­тан­бай­ды. Ол мәң­гі­лік ғұ­мыр­ды, шы­найы ба­қыт­ты, шек­сіз мейі­рім­ді қа­лай­ды.

[1] إنَّ رَبَّكُمْ حَيٌّ كَرِيمٌ يَسْتَحْي مِنْ عَبِيدِهِ إذَا رَفَعُوا أيْدِيَهُمْ إلَيْهِ أنْ يَرُدَّهَا صُفْرًا 

0 пікір