Қа­бір не­ме­се Бар­зах әле­мі
Қа­бір не­ме­се Бар­зах әле­мі
2 жыл бұрын 766
Қайрат Жолдыбайұлы

Өлім­нен кейін қай­та­дан ті­рі­лу­ге дейін жал­ға­са­тын өмір – қа­бір не­ме­се бар­зах әле­мі деп ата­ла­ды.

Кез кел­ген адам өл­ген­нен кейін то­пы­рақ­қа кө­міл­се де, ­яки кө­міл­мей су­ға ба­тып ба­лық­тар­ға жем бо­лып не­ме­се от­қа жа­нып күл бо­лып кет­се де, мін­дет­ті түр­де қай­та ті­ріл­ген­ге дейін қа­бір, яғ­ни, бар­зах өмі­рін бас­та­ры­нан өт­кі­зе­ді. Өйтке­ні рух сол бө­лек-бө­лек боп ша­шы­лып кет­кен де­не­мен бай­ла­ныс құ­ра ала­тын­дай қа­бі­лет­те. Мы­са­лы, бір жер­ден жі­бе­ріл­ген ра­дио тол­қын­дар дү­ниеде­гі мил­лион­да­ған ра­диолар­мен бай­ла­ныс құ­рып, бір ха­бар­ды әлем­де­гі мил­лиард­та­ған адам­ға та­ра­тып жат­қан­да, рух­тар не­лік­тен өз де­не­сі­нің бөл­шек­те­рі­мен бел­гі­лі бір бай­ла­ныс­та бо­ла ал­ма­сын? Не­гі­зін­де өл­ген адам­дар­дың де­не­ле­рі­нің қа­бір­ге жер­ле­нуіне бай­ла­ныс­ты бар­зах өмі­рі – қа­бір өмі­рі де­лін­ген. Өйтке­ні рух қа­бір­де­гі де­не­сі­мен бе­лі­гі­лі бір бай­ла­ныс­та бо­ла­ды.

Қа­бір, бар­зах әле­мі ерек­ше бір әлем бол­ған­дық­тан, өзі­не тән заң­дылықтары мен өлшемдері де бо­лу­ға тиіс. Сон­дық­тан барзах әлемінде бо­ла­тын азап­ты ­яки ра­хат­ты, адам­дар­дың има­ны­на қа­рай қа­бір­дің қы­су­ы мен қа­раң­ғы бо­лу­ын не­ме­се керісінше кең жә­не жа­рық бо­лу­ын бұл дү­ниеге тән заңдылықтармен тү­сі­ну әсте мүм­кін емес. Оны тү­сі­ну­ге біз­дің шектеу­лі ақы­лы­мыз­дың да, мы­на дү­ниеде­гі фи­зи­ка­лық заң­дылықтар­ының да өлшемі сай келе бермейді.

Адам ба­ла­сы қа­бір­ге жер­лен­ген­нен кейін «Мун­кәр» жә­не «Нә­кир» деп ата­ла­тын екі пе­ріш­те ке­ліп оған: «Раб­бың кім? Пай­ғам­ба­рың кім? Ді­нің не?» сияқ­ты сұ­рақ­тар­ды қояды. Сұ­рақ­тар­ға жауап бер­ген иман­ды жан­дар дүние өмі­рі­нен де та­ма­ша, жұ­мақ өмі­рі­не жа­қын дә­ре­же­де, ра­қат жә­не ләз­зат ішін­де бо­ла­ды. Ал, сұ­рақ­тар­ға жауап бе­ре ал­ма­ған иман­сыз ­яки кү­нә­һар жан­дар дү­ние өмі­рі­нен де бе­тер, то­зақ­қа жа­қын кейіптегі азап ішін­де ғұмыр ке­ше­ді. Де­мек, қа­бір адам­дар­дың дә­ре­же­ле­рі­не қа­рай жұ­мақ бақ­ша­ла­ры­нан бір бақ­ша ­яки то­зақ­тың шұң­қыр­ла­ры­нан бір шұң­қырға айналады. Бір ха­дис­те: «Кісі жан тәсілім еткен уа­қыт­та та­ңер­тең жә­не кеш­кі­сін оған оты­ра­тын же­рі көр­се­ті­ле­ді. Егер жән­нат­тық бол­са, жән­нат, то­зақ­тық бол­са то­зақ көр­се­ті­ле­ді. Со­сын оған, мі­не, Алла се­ні қия­мет кү­ні қай­та ті­рі­лт­кен­ге дейін оты­ра­тын же­рің осы де­лі­не­ді».[1]

Дү­ниеде мұ­сыл­ман құл­дар­дың ба­сы­на ке­ле­тін әр түр­лі ауру­лар мен қиын­шы­лық­тар дү­ниеде іс­тел­ген кі­ші­гі­рім кү­нә­лар­дың кей­бі­реуле­рі­не кәф­фа­рат бо­лып, сол күнә­лар­дың та­за­ла­нуына се­беп бол­са, дү­ниеде де та­за­лан­бай­тын­дай кей­бір кү­нә­лар­ға қа­бір аза­бы кәф­фа­рат бол­мақ. Қа­бір­де де та­за­лан­бай­тын­дай үл­кен кү­нә­лар ақы­рет­ке, үл­кен есеп кү­ні­не ама­нат­та­ла­ды. Бір ха­дис­те: «Қа­бір ақы­рет аял­да­ма­ла­ры­ның ал­ғаш­қы­сы, кім­де-кім осы аял­да­ма­дан аман-есен өт­се, кейін­гі аял­да­ма­лар­дан да оңай өте­ді, ал өте ал­ма­са кейін­гі­лер­ді өту одан да қиын бо­ла­ды», -де­лі­не­ді. Бас­қа бір ха­дис­те: «Мүш­рік­тер (Аллаға серік қос­қан­дар) қа­бір­ле­рін­де қат­ты азап­қа ду­шар бо­лу­да. Олар­дың (шың­ғыр­ған) дау­ыс­та­рын тек қа­на жа­ну­ар­лар ес­ти­ді»,[2]- деп қа­бір азабы­ның ауыр екен­ді­гін біл­ді­рілген.

Қай­тыс бол­ған кі­сі үшін ар­тын­да қал­ған адам­дар көбі­рек дұ­ға жа­сап, кү­нә­ла­ры­ның ке­ші­рі­луін ті­леу ке­рек. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) адам­ды жер­леп бол­ған­нан кейін қа­бір­дің жа­ны­на тұ­рып бы­лай дей­тін: «Бауыр­ла­ры­ңыз үшін Алладан ке­ші­рім ті­леп (има­нын­да) тұ­рақ­ты етуі үшін дұ­ға етің­дер. Еш кү­мән­сіз ол қа­зір сұ­рақ­қа тар­ты­лып жа­тыр».[3]

Мы­на дү­ниеде оқы­ған құ­ра­ны­мыз бен түн­де оқы­ған тә­һаж­жуд на­ма­зы­мыз тар ор­ны­мыз­ды ке­ңей­тіп, қа­раң­ғы қа­бі­рі­міз­ді ерек­ше нұр­ға бө­лей­ді.

[1] Әл-Бу­ха­ри, Жә­найз/1379.

[2] Мус­нәд, 6/362

[3] Әбу Даауд, Жә­найз 73.

0 пікір