Қа­бір аза­бы­на се­беп болатын кейбір кү­нә­лар
Қа­бір аза­бы­на се­беп болатын кейбір кү­нә­лар
9 жыл бұрын 5400
Қайрат Жолдыбайұлы

Қа­бір аза­бы­на кү­нә­лар­дың бар­лық тү­рі се­беп бо­ла ала­ды. Ха­дис­тер­де ай­тыл­ған қа­бір аза­бы­на се­беп бо­ла­тын кү­нә­лар мы­на­лар:

  • Ғай­бат, өсек ай­ту, бі­реудің сө­зін екін­ші бі­реуге жет­кі­зу. Кез кел­ген адам­ның ар­ты­нан оның кө­ңі­лі­не келе­тін әрі рен­жи­тін сөз­дер ай­ту қа­бір аза­бы­на се­беп бола­ды.
  • Кі­ші дә­рет­ті сын­дыр­ған­нан кейін та­за­ланбау.
  • Мой­нын­да қа­ры­зы бол­ған күй­де жан тап­сы­ру. Пайғамбарымыздың (с.а.у.)«Мү­мин­нің ру­хы мой­нын­да­ғы бо­ры­шы өтел­ген­ге дейін сол бо­ры­шы­мен бай­лаулы» ха­ди­сі­нен мой­нын­да қары­зы бар бо­рыш­ты­ның қа­бір аза­бын тар­та­ты­нын аң­ға­ра­мыз. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бо­рыш­ты кі­сі­нің қа­ры­зы өтел­ген­нен кейін ға­на жа­на­за на­ма­зын оқы­ған.
  • Жал­ған сөй­леу, Құ­ран­ды бі­ле тұ­ра ішін­де­гі айтыл­ған­дар­ға те­ріс әре­кет ету, зи­на жа­сау, пай­ыз­дық өсім жеу.

Адам­дар­ды ал­дау, же­тім­дер­дің ақы­сын жеу, мұ­сыл­ман­дар­дың қа­те­ле­рін, кем­ші­лік­те­рін із­деу, ту­ған-туыс­тар­дан қа­ты­нас­ты үзу, жал­ған куә­гер бо­лу, жан-жа­ну­ар, жән­дік­тер­ге зұ­лым­дық жа­сау, ұр­лық жа­сау, ар-на­мыс­ты пәк әйел­ге жа­ла жа­бу, нә­сі­бі­ңе ра­зы бол­мау сияқ­ты күнә­лар да қа­бір аза­бы­на се­беп бо­ла­ды.

0 пікір