Ақы­рет әле­мі
Ақы­рет әле­мі
2 жыл бұрын 447
Қайрат Жолдыбайұлы

Ақы­рет сө­зі сөз­дік­те «бір нәр­се­нің со­ңы, ақы­ры, кейін­нен бол­ған нәр­се» де­ген ма­ғы­на­лар­ды қам­ти­ды. Ал ша­ри­ғат­та­ғы тер­мин­дік ма­ғы­на­сы жа­ра­ты­лыс­та­ғы жалпы жүйе­нің Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның бұй­ры­ғы­мен быт-шыт бо­лып бұ­зы­лып, күл-тал­қан бол­ған­нан кейін бас­та­ла­тын жа­ңа мәң­гі­лік өмір­ге ай­ты­ла­ды. Бұл күн қия­мет-қай­ым­нан кейін бас­та­лу­ына бай­ла­ныс­ты «қия­мет кү­ні» деп те ата­ла­ды.

Құ­ран­да ақы­рет кү­ні­не: мұ­сыл­ман­дар­дың Алламен қауы­шып, жүз­де­се­тін кү­ні бо­лу­ына орай «қауышу кү­ні»[1]; адам­дар бір жер­ге шо­ғыр­ла­нып, жи­на­ла­тын­ уақыт болғандықтан «мах­шар – жи­на­лу кү­ні»[2]; қай­та ті­ріл­ген­нен кейін адам­дар­дың бә­рі қа­бір­ден қай­та шы­ға­тын­ды­қтан «шы­ғу кү­ні»[3]; мы­на дү­ниеде Алла Та­ға­ла­ға иман етіп, бұй­рық­та­ры мен тый­ым­да­ры­на құ­лақ сал­ма­ған­дар­дың ал­да­нып қал­ған­дық­та­ры­ның бел­гі­лі бо­ла­тын кү­ні бо­лу­ына орай «ал­да­ну кү­ні»[4] жә­не кә­пір­лер­дің бұл дү­ниеде іс­те­ген іс­те­рі­нің бос­қа кет­ке­нін көрген кез­де қатты өкі­ніп, мы­на дү­ниеге қай­та қай­тып, иман келтіріп, жақ­сы амал жа­са­ғы­сы кел­ге­ні­мен бұл ар­ман­да­ры­ орын­дал­май­тын­ болғандықтан «қа­сі­рет кү­ні, өкі­ніш кү­ні»[5]; дү­ниеде іс­те­лін­ген із­гі не­ме­се жа­ман істер­дің қа­ры­мы­ның, есе­бі­нің бе­рі­ле­тін кү­ні бол­ған­ды­қтан «есеп кү­ні»[6]; мы­на өт­кін­ші жал­ған дү­ниеден кейін мәң­гі шы­найы өмір бо­лу­ына бай­ла­ныс­ты «шынайы өмір»[7] деп те атал­ды.

Ис­ра­фил пе­ріш­те­нің сыр­най­ды екін­ші рет үр­леуі­нен кейін бар­лық адам­дар қай­та ті­рі­ліп Ұлы Алла ал­дын­да есеп­ке тар­ты­ла­ды. Со­сын дү­ниеде­гі иман жә­не іс-әре­кет­те­рі­не қа­рай жұ­мақ­қа, ­яки то­зақ­қа ба­ра­ды.

[1] Мү­мин сү­ре­сі, 40/15.

[2] Та­ға­бун сү­ре­сі, 64/9.

[3] Қаф сү­ре­сі, 50/34.

[4] Та­ға­бун сү­ре­сі, 64/9.

[5] Ма­рям сү­ре­сі, 19/40.

[6] Фа­ти­ха сү­ре­сі, 1/4.

[7] Ан­ка­бут сү­ре­сі, 29/64.

0 пікір