Алланың көркем есімдері ақы­рет­ті та­лап ете­ді
Алланың көркем есімдері ақы­рет­ті та­лап ете­ді
9 жыл бұрын 4644
Қайрат Жолдыбайұлы

Алланың барша көркем есімдері ақы­рет­тің болуын та­лап ете­ді. Мысалы, Алла Тағаланың «Аса жомарт» деген сипатын негізге алып түсіндіріп көрелік. Жал­пы әлем Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның те­рең мейі­рім-ша­ра­па­ты мен шек­сіз жо­ма­рт­ты­ғы­на тұ­нып тұр. Жер бе­тін­де­гі ең әл­сіз са­на­ла­тын құрт-құ­мы­рыс­қа сияқ­ты жән­дік­тер­дің оп-оңай қо­рек­те­ну­ле­рі­не куә бо­лу­да­мыз. Дү­ниеде­гі ең әл­сіз жа­ра­ты­лыс­тар­ға да уа­қыт-уақы­ты­мен күт­пе­ген жер­ден жәр­дем ке­лу­де. Ана­ның құр­са­ғын­да­ғы әл­сіз сә­би сол қа­раң­ғы, тар жер­де тұн­шұқ­па­стан та­ма­ша тә­сіл­мен қо­рек­те­не­ді. Сә­би дү­ниеге ке­лер-кел­мес оның нә­зік бол­мы­сы­на ар­нал­ған ар­найы та­ма­ғы әзір тұ­ра­ды. Ана­ның омы­рауын­да­ғы сүт бас­қа уа­қыт­та емес, сә­би­дің дү­ниеге қа­дам ба­су­ына орай ыт­қы­лап аға тү­се­ді. Те­ңіз­дің тү­бін­де­гі ба­лық­тар­дың, же­міс-жи­дек­тің ішін­де­гі құрт­тар­дың, тұр­ған же­рі­нен қоз­ға­ла ал­май­тын ағаш­тар­дың, жал­пы өсім­дік әле­мі­нің та­ма­ша түр­де қо­рек­те­нуі – Оның ерек­ше жо­ма­рт­ты­ғы мен тең­дес­сіз мейі­рім­ді­лі­гі­нің ай­қын бел­гі-ны­ша­ны. Жер бе­тін­де­гі ырыс-бе­ре­ке, нығ­мет­тің мол­ды­ғы, асып-та­суы – Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның тү­ге­сіл­мей­тін қа­зы­на­сын мең­зеп тұр. Де­мек, Алла Та­ға­ла –тең­дес­сіз дар­хан­дық пен аса жо­ма­рт­тық­тың на­ғыз иесі. Ал Он­да­ғы бұл дар­хан­дық пен жо­ма­рт­тық мәң­гі ба­қи бе­ру­ді, тө­гу­ді, ры­зық­тан­ды­ру­ды қа­лай­ды. Мі­не, сон­дық­тан Оның дар­хан­ды­ғы мен жо­ма­рат­ты­ғы­нан жаң­быр­дай құй­ыла тө­гі­ле­тін сый-сыя­пат­қа, ырыс-бе­ре­ке­ге ке­не­ліп, мәң­гі ба­қи ры­зық­та­на­тын жа­ра­ты­лыс ке­рек. Ол еш шү­бә­сіз мы­на дү­ниенің ха­ли­фа­сы, ең ма­ғы­на­лы жа­ра­ты­лы­сы – адам­ның қай­та ті­рі­луі ар­қы­лы бол­мақ. Егер мы­на дү­ниеден кейін Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның осы аса жо­ма­рт­тық пен дар­хан­дық сияқ­ты си­пат­та­ры­ның кө­рі­ніс та­ба­тын бас­қа екін­ші мәң­гі өмір бол­ма­ған жағ­дай­да, бұл си­пат­та­ры осы дү­ниемен шектеу­лі қал­мақ. Ал шектеулі­лік­ Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­ға тән емес. Өйтке­ні Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз Алланың өзі қан­дай шек­сіз, мәң­гі бол­са, бар­лық көр­кем си­пат­та­ры да сон­дай шек­сіз, мәң­гі. Сондықтан Алланың барлық көркем сипаттары ақыреттің болуын талап етеді. Осы жерде айтылған Алла Тағаланың жомарттық сипатына басқа да көркем сипаттарын салыстырып ойлан!

0 пікір