Сұлтан Сүлейменнің өлер алдындағы айтқан үш өсиеті
Сұлтан Сүлейменнің өлер алдындағы айтқан үш өсиеті
4 жыл бұрын 13518

Осман империясының ең ұлы падишахы Сұлтан Сүлеймен Кануни өлер алдында өзінің бас қолбасшысын шақырып, оған үш тілегін білдіреді:

1. Біріншісі - Оның табытын империядағы ең білікті дәрігерлері көтеріп апарсын деп өсиет қылады.

2. Екінші өсиеті: табытты апара жатқан жолда алтын ақшалар мен асыл тастар жол бойы шашылсын.    

3. Үшінші өсиеті: Қолдарым жұртқа көрінетіндей етіп табыттан шығарып қойылсын.  

Әскербасшы падишахтың мұндай өсиетін ұқпай, оның мән-мағынасын сұрағанда сұлтан Сүлеймен Кануни оның мәнін былай деп түсіндіріпті: 

Табытымды ең білікті дәрігерлер көтерсін деуімнің себебі – заманының ең білгір дәрігерлерінің өзі өлімге төтеп бере алмайтындығын жұрт білсін.

Алтындарым мен асыл тастарымды жол-жөнекей шашып барсын дегенім – жұрт білсін: қанша дүние-байлық жинасақ та, қанша дәулетті болсақ та бәрі осы дүниеде қалады, ешкім оларды өзімен бірге о дүниеге алып кетпек емес.

Екі қолымды табыттан шығарып қойыңдар деуімнің мәні болса, бәрі білсін: жер бетінің падишахы Сұлтан Сүлейменнің өзі бұ фәниден қолы бос кетті.

 А.Қасым.

0 пікір