Раббым, өзің кешіре гөр!
Раббым, өзің кешіре гөр!
7 жыл бұрын 5534
Құдайберді БАҒАШАР

Тақуа кісілерден Әбу Али әд-Даххак әңгімелеуде:

«Қатты науқастанған досымның көңілін сұрай барғанымда, оның солқылдап жылап жатқанын көрдім. Өзі өте діндар шәйх еді, жасы да бірталайға келген. Жанында шәкірттері қоршап отыр екен.

- Әй, шәйх, неге жылайсың? Жоқ әлде мына қу дүниені қимайсың ба? – дегенімде:

- Жоқ, жіберіп алған намаздарыма жылаймын», – деді.

- Бұл қалай, сен намаздарыңды қаза етпеуші едің ғой? – дегенімде:

- Солардың ешбірін ғапылдықсыз оқыдым деп айта алмаймын, ғапылдықсыз сәждеден басымды көтермеген кезім жоқ шығар, енді міне ғапылдықтан көз ашпаған күйі өліп бара жатырмын, – деп өкіне жауап қатты. Сөйтті де терең күрсініп мына өлең жолдарын оқыды:

Мазарымнан түрегеліп, махшарға барғанымды елестеттім,

Ешқандай атақ, абырой пайда бермейтін кезді,

Амал дәптерім берілгендегі бейшара жағдайымды,

Күнәларыма қайтіп есеп беретінімді ойласам, шыбын жаным шырқырайды.

Алайда, Раббым, өзіңнен үмітімді үзгім келмейді.

Сен мені кешіре гөр!

0 пікір