Өлімді қаншалықты жақын деп ойлайсың?
Өлімді қаншалықты жақын деп ойлайсың?
5 жыл бұрын 3279

Бір күні Алла елшісі Әзіреті Әбу Бәкір және Әзіреті Омармен отырған сәтінде Омардан: 

-  Ей, Омар! Өлімді қаншалықты жақын деп ойлайсың? - деп сұрайды.

Әзіреті Омар:
- Жатқан кезде көзімді жұмғаннан кейін қайта аша алмайтындай жақын деп ойлаймын, - деп жауап береді.

- Баъиид, Я Омар, -  дейді Алла елшісі, яғни, "Алыс, ей Омар, алыс". Сосын Әбу Бәкірден сұрайды:

- Сен ше, ей Әбу Бәкір, өлімді қаншалықты жақын деп ойлайсың? 

Әбу Бәкір:
- Алған демімді қайта шығара алмайтындай және шығарған демімді қайта ала алмайтындай жақын деп ойлаймын, - деп жауап береді. Сонда ардақты Пайғамбарымыз:

- «əл-Əəн. Міне, енді болды» - деген екен. 

 وَلِكُلِّ أُمَّةٍ أَجَلٌ ۖ فَإِذَا جَاءَ أَجَلُهُمْ لَا يَسْتَأْخِرُونَ سَاعَةً ۖ وَلَا يَسْتَقْدِمُونَ
"Барлық үмбеттің ажалы бар. Ажалдары келген кезде, бір сәт болсын кешіктіре де, ертелей де алмайды". Құран Кәрім, "Ағраф" сүресі - 34 аят.

© islam.kz

0 пікір