Несібе дұғамен келе ме?
Несібе дұғамен келе ме?
7 жыл бұрын 7218
Құдайберді БАҒАШАР

Бір кісі қатты күйінген күйі Имам Садыққа (а.с.) келіп:

- Кедейшіліктің зарын тартқан мендей-ақ болар. Көбірек рызық берсін деп Аллаға дұға етіңізші, - депті жалынып.

 Сонда Имам тұрып:

- Жоқ! - депті, - саған ешқашан да бұндай дұға ете алмаймын! 

   Әлгі кісі күтпеген бұндай жауапты естігенде:

- Неге?- деп сұрапты.

Сонда Имам Садық:

- Бұл мәселеде Алла Тағаланың өзі жол көрсетпеді ме? «Ризық-нәсібелеріңді жатпай-тұрмай іздеңдер, табыңдар!» деп бұйырмады ма? Ал сен болсаң үйде жатып алып дұға жасай салып ризық-несібем маған өзі келсін дейсің. Осы да жөн бе?!- деп ұялтқан екен.

   «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деген емес пе халқымыз?!  

0 пікір