Мұсылман көршісінің де жайын ойлайды
Мұсылман көршісінің де жайын ойлайды
9 жыл бұрын 4091

Бірде патша тағамдардың сапасы мен бағасын білу үшін киімін өзгертіп, базарға шығады. Бір дүкенге кіріп сатушыға сәлем бергеннен кейін:

– Маған жарты келі май, жарты келі бал және жарты келі ірімшік беріңіз, – дейді. Сатушы жарты келі май өлшеп, ақшасын есептеп болғаннан кейін:

– Сұрағандарыңыздың қалғанын көршімнен алыңыз. Өйткені оның заттары жақсырақ, көршім әлі ештеңе сатпады, – деді. Патша екінші дүкенге кіріп, ол жерден жарты келі бал алып жатқанда, сатушы оған:

– Аллаға шүкір, мен бүгін саудамды бастадым, балаларымның нәпақасын таптым, ал көршім әлі ештеңе сатпады, – дейді. Сол кезде патша:

– Бұл халық осындай тамаша адамгершілігімен дүние жүзін өзіне қаратады. Халықтың осы таза кісілік қасиетін бұзған адамдарға Алланың қаһары жаусын, – деп халқының көршісінің де жағдайын ойлайтын имандылығына тәнті болған екен.

3 пікір