Жүрек бақшасын тікенектерден тазартайық!
Жүрек бақшасын тікенектерден тазартайық!
6 жыл бұрын 5511 fondihlas.ru
Аударған Меруерт БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Бір күні мұғалім шәкірттеріне өмірдегі өте жек көретін адамдардың есімін бір параққа жазып келуін тапсырады. Осыны әкелгеннен кейін ұстаз келесі күнге  жазылған адамдардың санына байланысты қызанақ әкелуін сұрайды. Ертеңінде кейбір балалар жек көретін адамының санына байланысты екі қызанақ, бәзбіреуі үш, бес, тіпті он шақты қызынақ әкелгендер де табылады. 

Мұғалім ендігі тапсырмасында әкелген бұл қызанақтарды екі апта көлемінде тасып, өздерімен бірге арқалап жүрулерін тапсырады. Алайда екі күннен кейін шәкірттер қызынақтардың шіріп, жағымсыз иіс шығып жатқандығын айтып, шағымданады. Тіпті кейбір оқушыларға он шақты шіріген қызанақты көтеріп жүру, ауырлық пен қолайсыздық тудырады. Өйткені, сасып, шіріген қызанақтардың өткір, қолқаны қабатын жиіркенішті иісінен көтеріп жүру мүмкін емес еді.

    Бір аптадан соң ұстаз шәкірттерін жинап алып, олардың шағымдары мен арыздарын былай деп жауап қатады:

 - Мұның барлығы да сендердің жүректеріңдегі өздерің жаратпаған адамдарға деген көзқарастарың мен сезімдерің сияқты ауыр дүние. Жеккөрушілік адамның жан әлемін ластап, көңілді былғап, ауруға шалдықтырады, жаныңды жегідей жеп бітеді. Егер сендер шіріген қызанақтың жағымсыз иісіне бір апта ғана төзе алмасаңдар, өздерің ойлаңдаршы, өшпенділік пен зұлымдықтың, біреуге деген зымиян ой мен теріс пікірдің "жұпарын", ауырлығын әрбір күн сайын жүректеріңе арқалап жүріп жатырсыңдар.

    Жүрек-бұл гүл жайнаған әдемі, хош иісті бақша сияқты, жүрек-бақшаны күн сайын түрлі зиянды әрекеттер мен арамшөптерден тазалап, өзіңді ренжіткен өзгелерді кешіріп, жағымсыз иістен тазартып, ізгі ойлармен көркемдеп отыруымыз ауадай қажет. Егер жүрек-бақшасын тікенектер мен қажетсіз заттардан дер кезінде босатып отырсақ, өмірде жүрекке жағымды нәрселерге орын көбірек қалатындығы ақиқат. Ендеше, өтпелі өмірден барлық нәрсені алмаңыз, тек ізгілігі мен үздігін, жұпарын ғана таңдай біліңіз! Жүрек-бақшасын тікенектерден тазартыңыз!

0 пікір