Хазірет Осман мен бейтаныс біреудің оқиғасы
Хазірет Осман мен бейтаныс біреудің оқиғасы
2 жыл бұрын 2050

Хасан Басридің (р.а.) риуаяты бойынша біреу Османға (р.а.) келіп: «Ей, дәулеттілер! Сендер-ақ бүкіл сауапты қоймайсыңдар. Садақа үлестіріп, құлдарға азаттық алып бересіңдер. Қажылыққа барасыңдар және дін жолында мал-мүлік жұмсайсыңдар» депті.  Осман (р.а.): «Сендер бізге қызығатын болып тұрсыңдар ғой, солай ма?» деді. Сонда әлгі кісі: «Иә, біз сендерге тамсана қараймыз» дегенде Осман (р.а.): «Уаллаһи (Алланың атымен ант етейін), өзі зәру жағдайда бола тұра адамның дін жолында бір дирхам жұмсағаны бай-бақуатты, молшылық заманда берген адамның он мың дирхамынан артық» деді[1].

 

[1] Байхаки, Шуабуль-иман, 3/251 (3456)

1 пікір