Ережеп айын құрметтеген әйелдің оқиғасы
Ережеп айын құрметтеген әйелдің оқиғасы
8 ай бұрын 2138
Құдайберді БАҒАШАР

Өз уақтысында үнемі Қағбаның жанынан кетпей құлшылық жасайтын бір әйел бар еді. Ережеп айы келгенде қатты қуанып, күн сайын он екі рет «Ықылас» сүресін оқитын. Бұған қоса, Ережеп айын құрметтегендіктен, жаңа киімдерін былай қойып, ең жұпыны киімін киетін. Сол діндар әйел Ережеп айында науқастанып, төсек тартып жатып қалады. Ұлын шақырып, егер көз жұма қалса, өзін осы жұпыны киімімен жерлеуін өсиет етеді.

Ақыры әлгі әйел қайтыс болады. Ұлы шешесі өсиет еткеніне қарамастан, ел-жұрттан ұялып, анасын жаңа киіммен жерлейді. Біраз күннен кейін ұлының түсіне кірген арнасы: «Балам, неге менің өсиетімді орындамадың? Мен саған наразымын», – дейді. Таңертең ұйқыдан оянған баласы анасының өсиетін орындау үшін дереу қабірге жүгіреді. Қабірді ашқанда, анасының денесін таба алмайды. Есі шығып, не істерін білмеген жігіт қайғырып, басын тоқпақтап жылай бастайды.

Сол кезде әлдеқайдан оған: «Әй, құлым! Режеп айын құрметтеп оразамен өткізген пенделерді қабірде біздің жалғыз қалдырмайтынымызды білмеуші ме ең?!» – деген дауыс естіледі.

 

0 пікір