Бір тәмсілдің мәні
Бір тәмсілдің мәні
6 жыл бұрын 3122
Құдияр БІЛӘЛ

Бәріміз білетін тәмсіл: "Бір саудагердің торда қамап ұстап отырған тоты құсы болады. Саудагер ерекше қабілетке ие өз тотысын қанша жақсы көрсе де одан айырылып қалмау үшін оны торда ұстауға мәжбүр болады. Бірде Үндістанға сапарлап баратын болған әлгі саудагер өз тотысынан: "Ол жақтан қандай сыйлық әкеліп берейін" деп сұрайды. Сонда тоты: "Маған ешнәрсенің қажеті жоқ. Тек ол жақта бостандықта жүрген тотыларға менің оларға деген сағынышымды жеткізіңізші" дейді. Саудагер өз тотысы сәлемін үндістандық тотыларға жеткізеді. Сол-ақ екен үндістандық бір тоты қалшылдап-дірілдеп өледі де қалады. Кейін осы жәйтты өз тотысына айтқанда, ол да тап осылай ажал құшады. Саудагер өлген тотыны тордан шығарғанда ол пыр етіп ұшады да кетеді".

Бақсақ, біздің жанымыз тоты болса, ал тәніміз соны құрсауға алған темір тор екен. Біз одан... Иә. Өліп құтыламыз. Сондықтан Пайғамбарымыздың (с.а.у.) "Өлмей тұрып өліңдер" деген xадисіне амал жасағанымыз жөн.

0 пікір