Бекерге ақша алып отырсың ба?
Бекерге ақша алып отырсың ба?
2 жыл бұрын 1683

Имам Әбу Юсуфқа бір кісі сұрақтарын қоя бастапты. Әбу Юсуф өзіне қойылған сұрақтардың кейбіріне еш қысылмастан «білмеймін» деп жауап қатады. Сонда ол сұрақтарға жауап ала алмаған әлгі кісі ашуланып: «Білмесең, несіне қазынадан айлық алып отырсың?» - деп қалады. Сонда Әбу Юсуф байсалды қалпын бұзбастан: «Мемлекет менің білгендерімді бағалап айлық төлейді. Ал білмегендерім үшін де айлық алатын болсам, онда қазынада қаражат қалмас еді» деген екен.

0 пікір