Қазақ кіндік кесуге неліктен ерекше мән берген?
Қазақ кіндік кесуге неліктен ерекше мән берген?
10 ай бұрын 1504
Айып НҮСІПОҚАСҰЛЫ
Перзент дүние есігін ашқанда

Қазақ халқы дүниеге бір перзент келсе, тек сол перзент келген отбасы ғана емес, бүкіл ауыл, ел-жұрт, туыс-туған түгел мəре-сəре қуанып, шашу апарып, «бауы берік болсын» айтуды кісілік парызы санайды.

Перзент дүниеге келіп, оны құндақтап орап, анасының қасына жатқызған соң, жолы, жасы үлкен бір əйел шашу шашады. Онда дүниеге келген перзент ұл болса:

– Айдарынан жел есіп,

Ат ойнатар ер болсын.

Маңдайынан күн сүйіп,

Ақыл-ойы мол болсын! – деп жақсы мінез, жарасымды қасиеттер даруын тілейді. Ал, дүниеге келген перзент қыз болса, онда:

– Жүзі Айдай жарқырап,

Ауылға болсын өнеге.

Болып елге шамшырақ,

Жетік болсын өнерге!

деп оның ақылды, білімді, көрікті, өнерлі болуын тілейді. Бұл – өмірге жаңа ұрпақ əкелген ана мен өмір есігін алғаш ашқан перзентке деген құрмет пен игі тілек. Сондай-ақ, адамдар арасындағы достық пен береке-бірлікті арттыратын өнеге.

Бала ананың жанында жатсаана жүрегінің дүрсілін естіп ты-ныш ұйықтайды əрі болашақта мейірліізгі ниетті болып өседі.

Кіндік кесу

Қ азақ халқы баланың кіндігін өнегелі, үлгі-тағылымды кісілер мен қулық-сұмдықтан пəк жас балаларға: «Үлгі-тағылымды болсын, адал, арлы болсын» деген ниетпен кестіреді де, кескен жерін мықтап байлап, кіндік түбіне қойдың құйрық майын жағып, таза дəкемен кіндікті ақырын бастырып орап таңып тастайды. Қойдың құйрық майы баланы түрлі жел-құздан сақтап, кіндікті ораған дəкені кіндікке жабыстырмайды. Ал, кіндікті сыртынан бастырып таңып қойса, бала жылағанда кіндігі сыртына шықпай тез түсіп, тез жазылады.

"Кіндік шеше", "кіндік әке" болу

Қазақ салтында «кіндік шеше», «кіндік əке» болу аса абыройлы іс саналады. Сондықтан «кіндік шеше», «кіндік əке» болғысы келген кісілер нəресте дүниеге келмей тұрып-ақ, оның ата-анасына: «ұмытып қалмаңыздар, балаңыздың кіндігін өзім кесемін» деп күні бұрын айтып қояды əрі сол күннен бастап сол отбасымен жиі қарым-қатынас жасап, түрлі жұмыстарына қарасып-қайырылыса бастайды. Ана босанғанда басы-қасында болыпүй шаруаларына көмектеседі əрі баласының кіндігін кесіпресми «кіндік шеше» немесе «кіндік əке» болады.

Бұл салт адамдар арасында береке-бірлік пен достықты нығайтады. Туысты көбейтіп, өрісті кеңейтеді.

0 пікір