Күнәларды жуатын 3 нәрсе
Күнәларды жуатын 3 нәрсе
1 ай бұрын 10302

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде:

       Пендені құтқаратын үш нәрсе, қирататын үш нәрсе, дәрежесін көтеретін үш нәрсе, күнәларын жуатын үш нәрсе бар.

 Құтқаратын үш нәрсе:

  1. Оңашада да, жарияда да Алладан қорқу,
  2. Кедейлікте де, байлықта да жақсы ниетте болу,
  3. Разылықта да, ашуда да әділ болу.

Қирататын нәрсе:

  1. Қатты сараңдық,
  2. Созылмалы әуейілік,
  3. Өзіне-өзі таң қалу.

Дәрежені көтеретін үш нәрсе:

  1. Сәлемдесу,
  2. Адамдарды тамаққа шақыру,
  3. Жұрт ұйықтап жатқанда намаз оқу.

Күнәні жуатын үш нәрсе:

  1. Суық түндерде дәрет алу,
  2. Жамағат намаздарына бару,
  3. Намаздан соң келесі намазды күту» - деген (Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен).
0 пікір