Ата-ананың ұрпағы алдындағы 20 парызы
Ата-ананың ұрпағы алдындағы 20 парызы
5 жыл бұрын 9045
Айып НҮСІПОҚАСҰЛЫ

Ата-ананың ұрпағы алдындағы қарыз-парыздары:

1. Өз ұрпағы алдында жан-тəні мен ар-абыройын таза сақтаужаман қылық көрсетпеу.

2. Ана тілін толық үйретуҰрпақтарына ана тілін үйрете алмаған ата-ана ұрпағы алдындағы қарыз-парызын толық өтемеген мəңгілік қарыздар адамға айналады.

3. Баласының төрт мүшесін сауес-ақылын дұрыс етіп есейту (баланы жас кезінде күйдіріпкем-кетік етіп алған ата-ана ұрпағына мəңгі қарыздар болып қалады).

4. Ұрпақтарына аналық ақ сүтін адал да пəк етіп беруБала емізер кезде басына жаулық-салы салып отыруомырауын жуыпқұрғақ,таза дəкемен сүртіп барып емізуБалаға ауру-сырқаудерт-дербез жұқтырудан аулақ болу.

5. Құқық-мүддесін қорғауӨзгелердің қорлауыназорлауына ұшыратпауҚам-қайғысыз өмір сүруіне мүмкіндік жаратып беру.

6. Ұрпақтарының жүрегіне адам баласының теңдігі мен береке-бірлігіндостығын ұялатуІзгі ниеттіадаларлы азамат етіп жетілдіру.

7. Отбасына адалəділ болууəде-серттен таймау.

8. Отанын қорғауотбасы мен ел тыныштығын сақтауҰрпақтарын аздырып-тоздырмауОтанғахалыққа адал қызмет ету.

9. Өнер-білімүлгі-тағылым үйрету.

10. Уағымен тамақтандырыпкиіндіріпжуындырыпкиімі жыртылса жамапөз құрбыларынан кем қылмау.

11. Қажырлы, қарапайым болуға, еңбек сүйгіштікке тəрбиелеу. Адал, арлы, əдеп-ибалы болуға баулу.

12. Адамдармен қалай қарым-қатынас жасауқалай сыйласуқалай аман-сəлем жасауқалай сəлем беруді үйрету.

13. Туыс-туғандос-жарандар ара алыс-берісбарыс-келісті ұғындыру.

14. Ер-əйелүлкен-кішібала-шаға арасындағы жол-жосынəдеп-иба салтын үйрету.

15. Үлкен жиын-тойқаралы салттар мен ас-нəзірге қалай бару жол-жосығын ұғындыру.

16. От жағутамақ пісірушай құютөсек салуүй жинауқолға су құюмал қайыруат байлауқонақ күту дағдысын үйрету.

17. Кісіліккішілік дағдысын ұғындырыпар-абыройын таза сақтауəдептіибалы болу жолдарын үйрету.

18. Оқытыпжақсы тəрбие беріпесейгенде өз сүйгендерімен үйлендіру.

19. Ата-ананы құрметтеудіүлкендерді сыйлапкішіні аялауды үйрету.

20. Аналар мен қыз балалардыақсақалдар мен өнер-білімді кісілерді қадірлеуді ұғындыру.

Баланы бағып-қағып, оқытып өнер-білім игертіп, есейгенде, өздері қалаған адамымен үйлендірген соң, ата-аналар ата-аналық қарыз- парыздарынан арылады да, одан кейінгі жерде ата-ананы бағып-қағу парызы балалардың мойнына түседі.

Бұл дəстүрдің тəрбиелік мəні мен ғылыми мəні өте жоғары. Ол ата-аналардың ұрпақтары алдындағы жауапкерлік сезімі мен борыштылық сезімдерін арттырып, ұрпақтары дүниеге келгеннен азамат болып үйленгенге дейінгі аралықта ақ сүт, адал еңбектерімен бағып-қағып, оқытып, өнер-білім, үлгі-тағылым үйретіп, жақсы азамат етіп жетілдіруден бас тартуға болмайтын ұлы борыштары бар екенін шынайы ұғындырып, ата мен ананың ұрпақтарын қай мезгілге дейін бағып-қағу жауапкерлігін көлемі жақтан айқындап, ұрпақтарға алғашқы адымда ата-ананы қартайғанда бағып-қағу жауапкерлік сезімін тудырады.

0 пікір